Атақты сиқыршы отқа оранды

Доминикан ұлттық арналарының біріндегі шоу түсірілімі кезінде жүргізуші атақты америкалық сиқыршы Уэйн Хучиннің басын өртеп жіберді. Жапа шегуші тез арада ауруханаға жеткізілген. Кейінірек белгілі болғандай, Уэйн жүргізушінің үстінен арыз жазуды ойлап отыр екен.

Associated Press хабарлауынша, «Жұлдыздарға жақынбыз» бағдарламасының түсірілім кезінде оның жүргізушісі Фрэнклин Баразарте сиқыршыға арнайы түрде «бата» бергісі келгендігін айтқан. Бұл үшін ол тез тұтанатын сұйықтығы бар бөтелкені алып, өз қолына құюын өтінген. Ал өзінің көмекшісінен қолына от қоюын сұраған. Сол арада тұтанған сұйықтықты Баразарте Хучинның басына шашып жіберіп, онымен қоймай, өз қолында қалған сұйықтықты бетіне жаққан. Нәтижесінде магтың басы түгелімен отқа оранды.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/aWR2e1MR-XE","width":"450","height":"350"});

Сиқыршының беті мен бас бөлігі, сонымен қоса қолы да күйіп, ауруханаға жеткізілген. Ал жүргізушінің қандай ойды басшылық ете отырып нақақтан өзгенің денсаулығына қастық қылғаны әлі күнге белгісіз.  

Қазіргі жағдайда екі жақ та сот істерімен айналысуда.

Дайындаған: Асыл Нұрмағамбет

Сурет: conduit.com