Қазір бұл президенттер бүкіл әлемге танымал, бірақ бір кездері олар өз елінің қарапайым азаматтарының бірі болды және табысқа жету үшін өмірдің қиындықтарын бастан кешірді.
Жас кезінде жұмыс табу өте қиын, адам өзінің арманына немесе ең болмағанда өз мамандығына бойынша тез жұмыс таба алмайды. Массагет порталы бір кездері әншілік, даяшы және басқа да әлеуметтік қызметкерлер болып еңбек жолын бастаған танымал тұлғалар тізімін келтіреді.
Барак Обама – даяшы
Ол Гонолулудағы Baskin Robbins дәмханаларының бірінде балмұздақ сатушы және даяшы болып жұмыс істеген.
"Алғашқы жұмысымдағы адамдар біршама кірпияз болса да, жұмысым өзіме ұнайтын. Бұл жердегі адамдардың көпшілігі диета ұстайтын еді. Мысалы, Мистер Смит көбірек тұзды тамақты қалайды, сіз оған: "Кешіріңіз, сэр, бірақ сізге тұзы көп тамақ жеуге болмайды" дегенді сыпайылықпен айтуыңыз керек болатын", - дейді Обама.
Ангела Меркель – бармен
Лейпцигтегі Шығыс Германия университетінің кванттық физика кафедрасының студенті кезінде кафеде жұмыс істеген.
Меркель: "Мен сатылған әрбір стақан үшін қосымша 30 марка алатынмын Бұл жалдаған бөлмемді төлеуге жететін еді", - деп еске алады алғашқы жұмысы туралы.
Дмитрий Медведев – көше сыпырушы
Ресейдің бұрынғы президенті студент кезінде көше тазалағанын және үстемақыны қосқанда небәрі 120 рубль тапқанын айтады.
"Мен өмірімнің осы кезеңін жақсы көремін", - деген ол сұқбатында.
Нельсон Мандела – қарауыл
Апартеид кезінде адам құқықтары үшін күрескен белсенділердің ең танымалы. Саяси тұтқын ретінде 27 жыл 6 ай 6 күн (1962 жылдың 5 тамызынан 1990 жылдың 11 ақпанына дейін) абақтыда отырып шыққан, 1993 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері Нельсон Мандела алғаш алтын кегішінде қарауыл болып жұмыс істеген екен.
Кейіннен ол 1994 жылы Оңтүстік Африканың тұңғыш демократиялық президенті болып сайланды.
Майкл Хиггинс – даяшы
Ирландия президенті кедей отбасында дүниеге келген, бірақ Голуэй университетінде оқуды армандаған. Отбасының қарсылығына қарамастан, ол Англияның Сассекс қаласына көшіп, мектепке ақша үнемдеу үшін даяшы және сомелье (шарап сатып алу және сақтау жөніндегі маман) болып жұмыс істеген. Сол кезде жас Хиггинсті білетін журналист досы оны "өте мейірімді, ақылды және сезімтал адам" деп сипаттайды.
Стивен Харпер – пошта бөлімшесінің көмекшісі
1978 жылы Торонто университетінен жұмыстан шығарылғаннан кейін Канаданың бұрынғы премьер-министрі Imperial Oil компаниясына жұмыс істеген. Харпердің бастығы оны өте өршіл, жауапты, еңбекқор жас жігіт ретінде еске алады.
"Ұйымдағы менің көмекшім Стивен Харпер болды. Стивен өте жақсы жұмыс істеді, ақшаны тексерді, келген тауарлар және басқа нәрселерді уақытында жеткізіп беретін", - дейді ол.
Нұрсұлтан Назарбаев – металлург
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек жолы металлургиямен тығыз байланысты екені көпке мәлім. Елабасы еңбек жолын метталург ретінде бастаған. Ол "Қарметте" басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де құрыштай мінезін Қарметкомбинаттың домна пешінде шынықтырғанын әрқашан айтады.