- Негізгі бет
- Тұлға
- "Ата қайратты болса,...
"Ата қайратты болса, бала ғибратты болады"
Адам баласы қанша жасқа келсе де, жүрегі жас. Көптеген адамдар қартайған шағында биік шыңдарды бағындыруға тырыспайды. Алайда бұл сөзіме ісімен қарсы шығатындар да аз емес. Мысалы, Эверест шыңына 80 жасында шығу, ұшақты 87 жасында жүргізіп үйрену, 92 жасында марафон ара-қашықтығын жүгіріп өту.
1. Мектеп ардагері
Кениялық Кимани Маруге ештен кеш жақсы екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Ерте жастан Кенияның партизандық соғысына араласып тәуелсіздік үшін күрессе, артынша үлкен отбасыны жалғыз өзі асырайды. Тек 2004 жылы мемлекет басшылығы тегін оқу жүйесін енгізіп, қария мектеп партасына отыруға мүмкіндік алады. Ең алдымен кітап оқып, зейнетақысын санауға машықтанады. Қария бірінші сыныпқа 84 жасында барды.
2. Банджи-джампер қария
Парашюттен немесе биіктіктен секіруге машықтанған адамдар екінші рет секірудің аса қорқынышты екендігін айтады. Арқан жіпке тағдырын табыстап, жерге басымен құлайтындар аз. Бірақ 96 жастағы Мора Киттің жүрегінің түгі бар екен. Қартаң жасына қарамай оңтүстік африканың Bloukrans Bridge көпірінен төмен қарай секірді. Көпірдің биіктігі 160 метр болатын. Ол да жастар секілді «ерекше сезімге бөленіп, қорқыныштан арылғысы келгендігін» айтады.
3. Жер шарын 8 рет аралаған қария
Жапониялық Минору Сайто кіші кемесіне мініп алып әлемді 8 рет айналып шыққан. Бұл кезде ол 77 жаста болатын. Кәрі жасына қарамастан, ақыл-есі қалпында. Мұнымен қатар, еш қорықпастан толқындар мен дауылдарға қарсы жүзді. Саяхаты 1080 күнге, яғни 3 жылға жуық уақытқа созылған. Оның бұл саяхаты жастарға үлгі боларлық әрекеттердің бірі.
4. Марафон қашықтығын жүгіріп өткен әжей
Естеріңізде болса, ең алғашқы 42 шақырым 125 метр марафонды жүгіріп өткен адам шаршағаннан қайтыс болған. Алайда американдық Глэдис Баррилл грек сарбаздарынан әлдеқайда мықты болып шықты. Алғаш марафонды 86 жасында жүгіріп өтіп, соңын жылдам жүріспен аяқтады. Екінші рет жүгіргенінде мәреге 2 шақырым қалғанда ойыннан шығып қалады. Бұл кезде 91 жаста болатын. Алайда 2010 жылы алдына қойған мақсатына жетіп, марафонды толықтай жүгіріп шығады. Бұған 9 сағат 53 минут 16 секунды кетті.
5. Ұшақ жүргізу куәлігін 87 жасында алған қария
Американдық Джеймс Уоррен өмір бойы аспан мен ұшақтарға ғашық болып өткен. Көп ұзамай ұшқыш болып қалармын деген ниетпен штурманның қызметін атқарады. 1978 жылы қызметтен кетіп бара жатып арманынан бас тартады. Алайда 30 жыл өткен соң 2007 жылы арманымен қайта қауышамын деп жеке ұшақ сатып алып, куәлік алу үшін емтихандар тапсырады. 87 жасында Уоррен мақсатына жетіп, ұшқыш атанды. Оның алғашқы жолаушысы 90 жастағы миссис Уоррен болды.
6. Оңтүстік белдеуді бағындырған адам
63 жас алдыңғыларымен салыстырғанда әлдеқайда жасырақ. 60 градус қақаған аязда 1200 километрді жүріп өтуді есептемегенде. Дәл осы ерлікті британдық бизнесмен Саймон Мюррей жасады. Айтпақшы бұл оның алғашқы ерлігі емес, осыдан екі жыл бұрын марокколық Сахараның үстімен 250 шақырым қышықтықты жүгіріп өткен. Ол жерде күн тым ыстық болатынын да естеріңізге сал кетейік.
7. Эверест шыңын 80 жасында бағындырған қария
Бұл рекорд 2013 жылдың 22 мамырында орындалды. Бұл күні альпинист Юкиро Миура 80-ге келген жасына қарамастан Эвересттің ең биік нүктесіне шықты. Бұл да жапондықтың алғашқы рекорды емес. Осыдан 10 жыл бұрын 70 жасында әлемнің ең биік шыңын бағындырған болатын. (Одан бері бұл рекордты өзгелер жаңғыртты) Айтпақшы, рекордты Миураның басты қарсыласы Шерман жақын арада жаңғыртуы мүмкін. Непалдық Шерман 81 жаста.
Қазақтың "Ата қайратты болса, бала ғибратты болады" деген сөзінің жаны бар. Жас буын үлкендердің айтқан өсиетімен емес, ісін көріп тәрбиеленеді. Жоғарыдайғы қариялар барша жастарға үлгі боларлық тұлғалар.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: klopp.ru
Қ. Бүйенбай