Асырап алынған атақты жандар

Асырап алынған атақты жандар

Әлемге танымал әйгілі жандардың біразы асырап алынған. Мысалы, Стив Джобс әу баста-ақ жоспарда жоқ бала есепті дүниеге келіп, ата-аналары бас тартқан екен. Әйтпесе, ол да болмаса, бүкіл балалық шағын балалар үйінде өткен Мерилин Монроны алсақ та жетіп жатыр.

Ендеше, биологиялық ата-анасыз өскен жұлдыздар шоғыры. 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Мерилин Монро

Психикалық ауытқудан бас ала алмай өткен жесір шешесі тастап кеткен. Содан бастап әйгілі арудың бүкіл балалық шағы алыс туыстары мен балалар үйінде өтті. 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Джеймс Браун

Бала кезде әке-шешесі ажырасып кетеді. Джеймс болса Атлантадағы Джорджия есімді әпкесінің қолына барып тұрады. Жұпыны тірліктің салдарынан ертелі-кеш мектепті тастап, күнделікті нанын әртүрлі жұмыстардан тауып жеп жүріп, 16 жасында жасөспірімдерге арналған түзету калониясына келіп түседі.

Джон Леннон

Ата-аналары ажырасқан уақытта Джон әлі кішкентай бүлдіршін болатын. Шешесі Джулия Леннон басқа ерді тапқан соң, төрт жасар Джонды нағашы жақтан туыс саналатын Мими Смит пен оның күйеуі Джордж Смитке табыстайды (өз балалары болып көрмеген). 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Ингрид Бергман

“Касабланканың” болашақ жұлдызы үшке толғанда, аяқ астынан шешесі көз жұмады. Араға он жылды салып барып, әкесі Юстус Самуэль Бергман де дүниеден өтеді. 13 жасар қызды қолқанат қылып алған әпкесі де жарты жылдан соң қайтыс болады. Сосын Ингрид бес баланы өсіріп отырған тәтесі Отто Бергманның қолына барады. 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Нельсон Мандела

Тоғыз жаста әкеден айырылады (туберкулезден көз жұмған). Одан кейін, баланы ресми түрде тембу тайпасының регенті Джонгинтаба Далиндьебо асырап алады. 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Эрик Клэптон

Клэптонның шешесі 16 жастағы сұлу келіншек болатын, әкесі өз ұлын бірде-бір рет көрмеген 24 жастағы Монреалдың әскері еді. Кішкентай Эрик әжесінің қолында тұрып жатты. Арада жылдар өткенде шешесі басқа канадалық әскерге күйеуге шығып, Германияны тастап кете барды. Бала Эрик Суррей​​ графтығында әжесінің қолында қалып қоя берді.  

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Рэй Лиотта

«Славные парни» фильмінің жұлдызын 6 айлығында асырап алған. 40 жылдан кейін Рэй өз шешесін іздестіру жолында жеке адам жалдаған көрінеді.

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Майк Тайсон

Атақты былғары қолғап шеберінің балалық шағы ауыр болды. Бақытына орай, бала Майкты жаттықтырушы Кас д’Амато байқап қалады. Д’Амато Тайсонды өз қолына алып, тіпті, асырап алғаны туралы ресми құжат та жасатқан. Майктың шын әкесі кім екені белгісіз, ал шешесі нашақор болыпты. 

Өз құрбы-құрдастарының қатарында Майк қана аман қалған. Достарының көбі абақтыға түсіп, сол жақта көз жұмып, көз алдында жап тапсырыпты. 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Трумен Капоте

«Тиффанидің таңғы асы» және "Суыққанды кісі өлтіруші" романдарының авторы 8 жасқа толғанда нағашыларының қолына өтеді.

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Ричард Бертон

17 жасар Ричард Дженкинсінді ұстазы Филипп Бертон түпкілікті асырап алған деуге де болады. Әйткенмен, ол уақытта бала кішкентай болғандықтан, асырап алуына заң тыйым салыпты. Ақырында Ричард тегін ауыстырып, Филипптың туған баласындай болып өмір сүрді. 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Стив Джобс

Стив Джобстың биологиялық әкесі сириялық мұсылман Абдулфат Джандали еді. Сол уақытта ол Джоан Шиблемен кездесіп жүретін. Қарым-қатынастарына ата-аналары қарсы тұрған соң, ақырында Стив Пол мен Клара Джобстың тәрбиесіне өткен. 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Эдгар Аллан По

По 1809 жылы дүниеге келеді, шешесі 1811 жылы көкірек ауруынан көз жұмды. Әкесі тастап кетеді. Соңында, Эдгарды Вирджиниядағы бір отбасы асырап алады.

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Коко Шанель

19 жасқа толар-толмас шағында шешесі көз жұмады. Кейіндеу әкесі тастап кетеді. Көп уақытқа дейін балалар үйінде өсіп тәрбиеленеді. 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Эдди Мерфи

Эдди әкесі қайтыс болғанда әлі кішкентай бала болатын. Әкесі өлген соң, Лиллиан сырқаттанып қалып, Эдди бір жылдың көлемінде бауырларымен балалар үйінде өсуіне тура келеді. Кейіндеу Эдди мен оның ағасы екеуі Нью-Йоркте шешесі мен өгей әкесі Вернон Линчтің (балмұздақ өнеркәсібінің шебері) қолында тәрбие алады. 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьях

Лев Толстой

Соңғы қызын дүниеге әкелерде шешесі жан тапсырады. Ол уақытта болашақ классиктің жасы бар-жоғы екіде болатын. Жетім қалған балаларды Т. А. Ергольский қарамағына алады. 

1837 жылы отбасы Мәскеуге көшіп келеді. Сол уақытта Толстойдың үлкен ағасы университетке түсуге дайындалуы керек болатын. Кейіндеу әкесі Николай Ильич кенеттен көз жұмып, сосын кішкентай үш бала тағы да Ясный Полянға қоныс аударады. Ергольский мен әке жағынан туыс болып келетін А. М. Остен-Сакеннің (балаларды асырап алады) қолына барады. 

Знаменитые люди, росшие в приемных семьяхЭлла Фицджеральд

Шешесі жүрек ауруынан көз жұмғанда, Элланың жасы 14-тен аспаған еді. Өгей әкесімен керісіп қалған ол, Вирджиния Генридің қолына барады. Өз бетіннше ақша табамын деп жүріп, қылмыстық әлем мен құмар ойындарға бір қатысы анықталып, Бронкседегі балалар үйіне өткізіледі. Кейіндеу қыздарға арналған Гудзондағы интернатқа ауыстырылады. Ертелі-кеш ол арадан қашып шыққан соң, көп уақытқа дейін үйсіз-күйсіз жүре тұрған.

сурет:www.spletnik.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига