Кеште композитордың көпке танымал туындыларын Симфониялық оркестр мен Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі орындайды, - деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық Телеарнасы.
6 шілде күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында әйгілі композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған «Жүрегім менің» атты концерт өтеді. Кеште композитордың көпке танымал туындыларын Симфониялық оркестр мен Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі орындайды. Ал, оркестрге Халық қаһарманының қызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева дирижерлік етеді. Концертке Роза Рымбаева, Майгүл Қазтұрғанова, Еркін Шүкіманов, Сүндет Байғожин, Мәдина Сәдуақасова және «МузАРТ» тобы сияқты отандық эстрада жұлдыздары қатысады. Сондай-ақ, шара барысында қазақ музыкасының данышпаны туралы бейнеклип көрсетіледі.