Астанада Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловқа көше аты берілді

Астанада Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловқа көше аты берілді

2012 жылдың 28 қыркүйегінде Астанада тұңғыш рет Қазақстанның Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың есімі берілген көшенің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды "Назарбаев орталығының" баспасөз қызметі. Дәл осы күні «Назарбаев орталығы» ММ-нде  келер жылы 100 жылдығы аталып өткелі отырған суретші жұмыстарының көрмесі ашылды.

Әубәкір Ысмайыловтың атына берілген көше Республика даңғылы мен Бараев көшесінің аралығында орналасқан. Шараға Астана қаласы әкімдігі, Астана қаласының Суретшілер Одағы және БАҚ өкілдері, қала жұртшылығы, сондай-ақ Әубәкір Ысмайыловтың қызы – Гүлзамира апай қатысты.

ва

"Бұдан кейін жиналғандар «Назарбаев орталығында» ашылған суретші еңбектерінің көрмесін тамашалады. Қонақтардың назарына Астана қаласы қазіргі заманғы өнер мұражайы мен Қарағанды мұражайының қоры және Исмаиловтар әулетінің коллекциясынан жүзге жуық картина ұсынылды. Олардың қатарында бұрын еш жерде көрмеге қойылмаған Суретшінің шағын акварелді портреті де болды", - делінген таратылған ақпаратта.

вап

Жиында сөз алған «Назарбаев орталығы» ММ директорының орынбасары Роман Василенко: "Дарынды адам барлық қырынан да дарынды болады деп тегін айтылмаған болса керек. Көркемөнер жанрының ұлы шебері Әубәкір Ысмайыловтың дарыны – режиссура мен хореграфиядағы биік шыңдарға қол жеткізгендігінен де көрінді.  Сурет өнерінің тылсым формасын тамашалау арқылы өнердің жанкүйерлері суретшінің шығармашылығындағы метафизикалық, философиялық, моральды-адамгершілік тереңдікке назар аударса екен деймін", - деді.

ва

Суретшінің қызы Гүлзәмира Исмаилова, сенатор Оралбай Әбдікәрімов, Өлкетану мұражайының тұңғыш директоры, бейнелеу өнерінің ардагері, суретші Валентин Пак және тағы басқалар құттықтау сөз алып, көрменің Әубәкір Исмаиловтың байтақ мұрасын сақтап таратуға өз үлесін қосады деген зор сеніммен, келер жылы суретшінің  100 жылдығы біздің елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде тойланып, мәдениетіміздің де, мемлекетіміздің де беделін нығайтуға ықпалын тигізеді деген үмітін жеткізді.

Әубәкір Ысмайылов – бейнелеу өнеріндегі шығармашылығы ежелгі көшпелілердің мифологиялық шындығын жарқын құбылысқа айналдырған ренессанстық суретшінің бірі.   Оның шығармашылығының біртумалығы (шедеврлігі) – Кеген, Қапшағай, Бурабай өзендерінің, ғажайып Шамалған, Алтай, Алатау, Хан Тәңірі тауларының, Сарыарқа даласының сұлулығын көрсететін пейзаждарында; Абылай, Кенесары, Махамбет, Құрманғазы, Сәкен Сейфуллин және т.б. Қазақстанның көрнекті тұлғаларының бейнесін салған тарихи картиналарында, сондай-ақ болашаққа деген белгілі бір көзқарастары да бейнеленген.

Айта кетелік, Әубәкір Ысмайылов туындыларының «Назарбаев орталығындағы» көрмесі екі ай бойы жұмыс істейді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Назарбаев Орталығы