Суретшінің көрмесі 12 қазаннан басталып, 12 қарашаға дейін бір ай бойы жалғасын таппақ. Келушілер 9:00-ден 19:30-ға дейін автордың жаңа туындыларын көре алады. Көрме «Баттлер» әлеуметтік клубында өтеді. (Фурманов көшесі, 193, Сәтбаев көшесінің қиылысы).
Ал Астана қаласында өтетін көрме Has Sanat арт-галлереясында болмақ.
Сәуле Сүлейменованың шығармашылығында бүгінгі әлемдегі адамның орны негізгі тақырып ретінде қарастырылған. Тағы бір ерекшелігі ол барлық суретін гратография әдісімен салады. (Гратография – қара кеңістікке ақ бояумен сурет салу А.Қ.) Оның жеке стиліндегі реализм мәселелерін жеке ой-толғанысы мен көзқарасы арқылы жеткізеді. Автор 1970 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы «Құрылыс ортасының дизайны» мамандығын бітірген. Сол кезде-ақ Сәуле Ресейде өткен Халықаралық байқаудың бірінші дәрежелі лауреаты атанып үлгерген. Одан кейінгі айқын жетістігі 1998 жылы Қазақстан Республикасының президенті атындағы стипендиясына ие болуы. Аталған жылдан бастап Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Қазіргі таңда ол Алматы қаласында тұрады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: Сәуле Сүлейменованың жеке мұрағатынан