ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2019 бұйрығымен Алматы қаласындағы Қазақстан Қарулы Күштері әскери бөліміне полковник Борис Керімбаевтың, аты аңызға айналған "Қара майордың" есімі берілді. Осылайша, әр ұрпақтың әскери қызметшілері үшін әскери борышты, ерлік пен ар-намысты орындаудың лайықты үлгісі болып табылатын қазақ офицерінің есімі мәңгі есте сақталмақ.
Борис Түкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Прудки кентінде дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Ташкент жоғары командалық училищесін тәмамдаған. Офицерлік қызметін Германиядағы кеңес әскерінің құрамында мотоатқыштар вызводының командирінен бастап, Ортаазиялық әскери округте барлау ротасын, штабты басқарды, кейін мтотатқыштар батальонын.
1980 жылы Керімбаевті Эфиопияға жаяу әскер бригадасы командирінің кеңесшісі лауазымында шетелдік іссапарға жіберді. Дәл осы жылы ол Қапшағай қаласында құрылған арнайы мақсаттағы 177-ші жекелеген жасқатың командирі болып тағайындалды.
1981 жылы полковник Борис Керімбаев Ауғанстанға жіберілді. Оның жасағы моджехеттерге қарсы құрылған жауынгерлік іс-қимылдарға бірден кірісіп кетті. Офицер Панджер шатқалындағы совет әскерлері мен Ахмад Шах Масуда отрядтары қарсыларсының негізгі қатысушысы болып табылады. 1982 жылы оның басшылық етуімен жасақ ауғандық моджахедтердің құрылымдарын белгісіз мерзімге ішінара бақылау және бұғаттау үшін сол жерге қайта жіберілді.
8 айдан кейін тұрақты атыстардан, қоныстану операциялары мен рейдтерден саны жағынан басым болған қарсыласпен моджахедтердің басшысы уақытша бітімге келісуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Кеңес әскерлеріне қарсы топтардың жауынгерлік іс-қимылдарының тоқтатылды. Бұл сөзсіз Керімбаевтың еңбегі болды. 1983 жылдың наурыз айында полковник Керімбаев барлық бөлімшелерді шатқалдан шығарды. Командеирге "Қара майор" лақап атын жеке жасағы қойған болатын.
Кейін офицер Қапшағай қаласындағы 22-ші арнайы мақсаттағы бригада командирінің орынбасары, 546-ші арнайы мақсаттағы оқу полкінің командирі болып қызмет етті. 1992 жылы денсаулық жағдайына байланысты Қарулы Күштерден полковник атағында босатылды.
2019 жылы 12 ақпанда ұзақ аурудан кейін Борис Керімбаев Алматы қаласында өмірден өтті.
Офицер "Қызыл Ту", "КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін" (3 дәрежелі), "Айбын" (1 дәрежелі) орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында Халық Қаһарманы полковник Қасым Қайсеновтің есімі Өскемен қаласындағы әскери бөлімге, және де аты аңызға айналған қазақстандық генерал-майор Шәкір Жексенбаевтың есімі Тараз қаласындағы әскери бөлімге берілген болатын.