Аша Матай: "Қазақ қыздарына қазақи әшекей-бұйымдар жарасады" (Видео)

Аша Матай: "Қазақ қыздарына қазақи әшекей-бұйымдар жарасады" (Видео)

Еліміздегі танымал әнші, журналист, модель Аша Матай бүгінде актриса деген атқа лайық болып жүр. Естеріңізде болса ару қызымыз Досхан Жолжақсыновтың «Біржан сал» фильмінде Ләйлімнің рөлін сомдаған еді. Көпшілік қазақи киімі мен әшекейіне тәнті болды. Бастаңғылардың бірінен Ашаның дәл сол фильмде өзі таққандай теңге әшекей тағып жүргенін байқап, сұқбат алдық.

Аша Матай 1988 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1995-2006 жылдар аралығында № 163 мектепте оқыған. 2006 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУда халықаралық қарым-қатынас факультетінде халықаралық құқық мамандығы бойынша білім алған.

2008 жылдан бастап HitTV арнасына тележүргізуші. Ән мен биді қатар алып жүрген Аша халықаралық «Шабыт» және «Жахан дала» сынды сайыстардың лауреаты, республикалық «Жұлдыздар империясы» теле-шоу байқауының жеңімпазы.


«Алтын Самұрық» атты шоу бағдарламада ең үздік 10 әншінің қатарына кіріп, «Жылдың ең үздік жүргізушісі» аталымына ие болған.

Үлкен теннис бойынша «Спорт шебері кандидаты» атағы бар.

«Астана – ғашықтар мекені», «Біржан сал», «Обратная сторона» сынды фильмдерде басты рөлді сомдаған. Әзірге тұрмыс құрмаған.

Сұқбаттасқан: Қарлыға Бүйенбай

Сурет, видео: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай