Актриса, әнші әрі жүргізуші Аша Матай қазақстандық жаңа брендтің ресми таныстырушысы атанды.
Жұлдыздың өмірі қайнап жатыр десе де болады: думанды концерттер, қызықты кештер, түсірілім, сән алаңы... Естеріңізде болса, біршама уақыт бұрын әншінің Малика Усупованың Malique атты әйелдерге арналған киімдерінің таныстырушысы атанғанын хабарлаған едік. Оның сән алаңындағы суреттері бір тамсандырған болатын. Аша мұнымен тоқтамай, "Brosh" атты әшекей бұйымдар мен аксессуарлар дүкенін таныстыратын болды.
Таяуда ғана ұйымдастырылған фототүсірілім де сәтті шыққан секілді. Көз тартарлық аксессуарлар Ашаның сұлулығына сұлулық қосып тұрғандай:
Өз тарапымыздан Аша Матайды жаңа белесімен құттықтап, мұнан да үлкен биіктерге жетуіне тілек білдіреміз!
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет пен дереккөз: season.kz