Қазақстандық жәнге ресейлік шоу-бизнестің жұлдызы Әсел Сағатова жаңа іспен шұғылданбақ ниетте. Ол Алматы қаласында модельдерді оқытатын мектептің негізін салмақ.
Модельдер мектебі Next Model агенттігімен біріге отырып, 4 жастан 20 жасқа дейінгі дарынды жастарды қабылдайды. Атақты актрисаның тізіміне ілігу үшін алдын-ала іріктеуден өту шарт.
Next Model агенттігінің бас директорының көмекшісі Айнұр Мұқанова: "Біз Қазақстанның ең танымал актрисасы әрі моделі Әсел Сағатовамен бас қосып жұмыс жасауға бел будық".
Айта кетер болсақ, жұлдыздар мектебінде актер ісі мамандығына, дефилеге, сәнге және бет бояуға үйрететеді. Сонымен қатар, жиі-жиі фотоқорытынды жасап отырады. Мектепке қазақстандық шоу-бизнестегі басқа да танымал актерлерді тарту көзделіп отыр.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: yvision.kz