- Негізгі бет
- Тұлға
- Әсел Сағатова Avon...
Әсел Сағатова Avon өнімін жарнамалайды
Avon компаниясы Қазақстан мен Ресейдің өнер жұлдыздарына "көз салуда".
Жақында ғана Алматы қаласында Avon компаниясының таныстырылу рәсімі өткен болатын. Қазақстандық өнер жұлдызы Әсел Сағатова американдық косметикалық өнімді жарнамалайтын алғашқы қазақстандық ару болғалы тұр. Жаңа сатылым осы жылдың наурыз айында жарыққа шықпақ.
Қазақстандағы Avon компаниясының маркетинг және департамент менеджері Әсел Садықұлова:
- Әсел Сағатова жарнамалайтын өнім өз табысына да, сұлулығына да уақыт табатын ханымдарға арналады. Ондай ханымдар бәріне де уақыт жеткізеді. Сонда да сұлу көрінуден талмайды.
Айта кетерлік жайт, Әсел көп жылдардан бері атақты дизайнер Кира Пластининамен бірге жұмыс жасап, 2012 жылы "Қазақтелеком" компаниясының ID-net қызметін жарнамалап келген болатын. Әсел Сағатовамен бірге ресейлік актриса Светлана Ходчинкова да Sensuelle иіс суын жарнамалаған. Бірақ ол компания өнімінің тұсау кесері рәсімінде суықтап қалуына байланысты бола алмады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: about.kz, soff.yvision.kz
А. Әбілхан