Өскемен қаласының өнерпазы Арсен Тұрғымбаев Мәскеуде өткен The Best Asian Man-2013 ер адамдар сән байқауында «Азия Мистер Интелектуалы» атағын жеңіп алды. Бұл туралы ол Tengrinews.kz сайтының тілшісіне хабарлаған.
Жас әнші, әрі ақын Тұрғамбаев махаббат туралы видероликтің сүйемелдеуімен махаббат тақырыбында ән айтқан. Қазақстандық өнерпаздың өнерін мәскеуліктер қошеметпен қабылдаған.
Байқау бірнеше этаптан тұрады: ұлттық киім кию, төбелес өнері, дарындылықты тексеру және зияткерлік кезең. The Best Asian Man-2013 атағын Тыва республикасының өнерпазы Далай Кыргыс алды.
Арсен Тұрғымбаев:
- Бұл байқаудан достықтың ұлтқа, дінге, ділге бөлінбейтінін түсіндім. Осы жерде көптеген дос таба алдым. Достарымның әрқайсынан дарындылықты байқай алдым. Бұл үлкен құндылық. Мұндай үлкен байқауда өз елімнің намысын қорғау мен үшін үлкен абырой. Ұйымдастырушыларға көңілім толды, оларға алғыс айтамын.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: tengrinews.kz