Суретті қолмен салатынын бәріміз де білеміз. Ал көзбен сурет салатын адам көргенсіз бе? Әрине көрмегенсіз. Бірақ көзбен сурет салатын адам бар екен...
Аргентиналық Леандро Гранато өзінің суреттерін көзбен салады. Ол мұрнына бояуды тыныс ала тартып, оны көзінен шығару арқылы туындысын дүниеге әкеледі. Бір суретті салуы 10 минут пен 1 айға дейін де созылады екен. Ал оның осы ерекше суреттерінің құны 2,5 мың АҚШ долларын құрайды.
Леандро Гранато өзінің бойындағы ерекшелікті бала кезінде-ақ байқаған көрінеді. Енді ол «көзбен сурет салу» деп атаған жаңа өнері арқылы әлемге танылсам деп отыр. Келешекте елден ерек сурет салуды жеке кәсібіне айналдырмақ та ойы бар.
Ол екі жылдай уақытын өзінің туындыларына, және көзіне зиян келтірмейтін бояуларын дайындауға жұмсапты. Аргентиналық суретшінің ойынша, әлемде мұндай өнерді меңгерген өзінен басқа жан жоқ. Алдағы уақытта суретші өзінің туындыларын әлемнің түкпір-түкпірінде саудалап, түскен қаржыны Аргентинада туып өскен өлкесіндегі балалар онкологиялық емханасына аудармақшы екен.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/dupOaTmie_o","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: ridus.ru