Қазақстандық танымал әнші Бүркіт (Айбек Сейітов) екінші рет перзент сүйді. Бұл туралы ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова «instagram» желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
- Қасиетті жұмада Бүркітжанның Аишасы ұлды болды, бауы берік болсын, ағасына серік болсын, өмірлеріңіз ұзақ болсын, - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, Бүркіт пен оның 27 жастағы жұбайы Аиша екінші ұлдарын сүйіп отыр. Жаңа туған сәбиге әлі есім таңдалмады.