Анна Құдиярова – елімізге танымал психолог, Психоанализ институтының директоры. Жұлдыз ФМ радиосына қонаққа келген Анна Мергенбайқызының сұхбаты Massaget.kz редакциясында жалғасты.
Сұхбатында психолог қазақ жасөспірімдерінің мәселесін көтеріп, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, жанұядағы түйткілдер мен қоғамдағы көкейтесті мәселелер төңірегінде ойын білдірді. Пікірін батыл айта білетін маманның әр сөзінен қоғамның шындығы көрінді. Ендеше, сұхбатқа назар салыңыз.