- Негізгі бет
- Тұлға
- Анджелина Джолидің құпиясы...
Анджелина Джолидің құпиясы неде?
Анджелина Джоли есімі кино тарихына алтын әріппен жазылатын ат қана емес. Ол ең алдымен мықты әйел. Алты баланы тәрбиелеп отырған ардақты ана 21 ғасырдың сұлулық символы ретінде мойындалған.
Анджелинаның құпиясы неде десеңіз, басты құпиясы – бақытты болуында екен. Ол бүгінде мыңдаған қыздың арманы болған Брэд Питтің сүйіктісі.
Брэд Питт пен Анджелина Джоли
Massaget.kz оқырмандары үшін Анджелина Джоли ұстанған сұлу болудың әдістерін ұсынамыз.
Мүсіннен бастайық. Анджелина алты баланың анасы екенін айттық. Оның үшеуін өзі дүниеге әкелген. Ал үшеуін асырап алған. Баланы дүниеге әкелген соң, әдетте әйелдер сұлу мүсінінен айырылып қалып жатады. Анджелинаның сымбатын пилатес пен йога сақтап қалған екен. Темекі шекпеу, ішпеу, имбирь шәйін үздіксіз тұтыну – Анджелинаның басты қағидаларының бірі.
Актрисаның "Оскар" сыйлығын алып жатқан сәті
Макияжға келсек, актриса макияждың табиғи көрінуін басты назарда ұстайды. Ернін ашық түспен бояса, еңлік жақпайды. Боянар алдында Джоли бетіне ылғалдандыратын крем жағып, 10-15 минутқа қалдырады. Күннен қорғайтын қасиеті бар тоналды крем жағып барып, сүрмемен қасын сызады.
Брэд Питт пен Анджелина Джоли алты баласымен
Анджелина Джоли көбіне күнделікті өмірде киюге болатын қарапайым әрі кербездік беретін киімді таңдайды.
Одан бөлек, актриса кедейлік көрген балаларға көмек қолын белсенді түрде созып, қайырымдылықпен айналысып жүрген әйел. Жаны да, тәні де сұлу Анджелинаны бұл мақтауға тұрарлық істері одан әрі тартымды қыла түседі.
Джоли кішкентай балаларды қатты жақсы көреді
Анджелинамен тілдескен адамдар әлемге атағы жайылған жұлдыздың бойынан қарапайымдылық пен мейірімділік иісі аңқып тұратынын айтады.
Бүгін тірісінде аңыз болған Анджелина Джоли 39 жасқа келіп отыр! Актрисаны туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: insidemovies.ew.com, www.idesigntimes.com,
lichnosti.net, dailymail.co.uk
Р. Роза