Нью-Йорк қаласындағы талантты анатомиялық көркемөнерші Danny Quirk өзгеше стильдегі суреткерлік ағымын жасап келеді. Бір қарағанда жанды түршіктіретін адам денесінің құрылымы өз тәніміз, өз дене құрлысымыз екенін біле аласыз. Бірақ, ерекше жасампаздық қуатына сүйене отырып, адам тәніне сызылған сурттер біраз жұрттың қызу талқысына айналып үлгерді.
Жалпы сурет саласында адам бейнесін салу оның бүкіл ішкі құрылысын, сүйектердің орналасуын қатаң талап етеді. Бұл сызылған сызбаның жанды болып шығуы үшін ерекше маңызға ие. Сол үшін де адам бейнесін мақсат еткен суретшілер анатомия ғылымынан арнаулы мамандық алып шығады.
Бұл суретшінің айтуынша: «Бұл сызбалар көркемөнер саласына өзгеше ағым болып кірері даусыз». Ендеше, сабыр сақтай отырып, ол жаратқан туындыларды көрелік.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: facebook.com