Алматы ең әдемі студент бойжеткенді таңдады. Бұл атқа Халықаралық Бизнес Академиясында (UIB) оқитын Зарина Низамутдинова ие болды.
"Студенттік ару – 2013" байқауының ұйымдастырушылар тарапынан қойылған шарты бойынша, қатысушылардың "007 агенттегі" қыздардың рөліне кіріп, өз-өздерін актерлік сында байқап көруі керек болған. Олар осы образдары арқылы Бондтың сүйіктісін сомдады.
Байқауға қатысқысы келген біршама студент қыздардың арасынынан 19 бойжеткен таңдалған. Әр жоғарғы оқу орындарының атынан намыс қорғауға бел буған арулардың ақтық мәреге тоғызы жолдама алған. Шараның бас ұйымдастырушысы Денис Лазаревтың айтуынша, қыздар дайындық кезінде аздап жалқаулыққа салынып, біраз дайындық шараларында бой көрсетпеген. «Қорытындысына келгенде, байқауда көптеген қателіктер мен кедергілерге жол беріп қойдық. Әйткенмен, қолына тапанша ұстаған қара қалпақпен сахнаға алғашқылардың бірі болып көтерілген сұлудың образы өте әдемі болды», - дейді ұйымдастырушы Денис Лазарев.
«Мен Бондтың құрбысы болмас едім. Өйткені мен өзіммен-өзім болғым келеді. Жалпы, Бонд деген кім ол? Ол көп ішеді және үнемі құмар ойындармен айналысады. Оның қызбен қарым-қатынасының көбі сәтсіз аяқталған», - дейді 17 жасар Даяна Михлина.
«Сымбат» Академиясының студенті Анара Лебаева «Студенттік вице-ару» атағына лайық деп танылды. Ол да Бондың сүйіктісі болып ойнаған рөліне байланысты былай дейді: «Ол ешқашан әйелдермен салмақты араласпаған және оларды жиі ауыстырып отырған. Мен сондайлардың бірі ғана болғым келмейді. Мен одан да жақсыға лайықпын».
Ал Алматы техникалық университетінің студенті Әсел Мамиляға Бондтың сүйіктісі болып ойнау ұнапты. Өйткені ол сондай стресті жағдайларды жақсы көреді екен.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер Зарина Низамутдинованың vk.com-дағы жеке парақшасынан алынды