Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша Алматыдағы көшеге Өзбекстан Республикасының бірінші Президенті Ислам Каримовтың аты берілді.
Көшеге Ислам Каримовтың атын беру туралы шешім қалалық маслихаттың XXXIV сессиясында мақұлданған.
Атауы өзгерген көшелердің 20-сы танымал адамдар атына берілді. Қалғанына тарихи, географиялық және ұлттық атаулар қойылған.
Әкімшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдағы 20 көшеге жаңа есім беріледі. Олардың ішінде Тәуке хан, Есім хан, Фарида Шәріпова, Жаяу Мұса, Жеті жарғы, Ақжайнақ, Тайбурыл есімдері бар.
Атауы өзгеретін көшелер Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түріксіб аудандарында орналасқан.
Қазір Алматыда 2,5 мыңға жуық көше болып, соның 349-ы бірдеу атауға ие екен.