- Негізгі бет
- Тұлға
- Алматыда Ислам Каримов...
Алматыда Ислам Каримов атына көше берілді

Фото: kitobxon.com
Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша Алматыдағы көшеге Өзбекстан Республикасының бірінші Президенті Ислам Каримовтың аты берілді.
Көшеге Ислам Каримовтың атын беру туралы шешім қалалық маслихаттың XXXIV сессиясында мақұлданған.
Атауы өзгерген көшелердің 20-сы танымал адамдар атына берілді. Қалғанына тарихи, географиялық және ұлттық атаулар қойылған.
Әкімшіліктіңбаспасөзқызметініңхабарлауынша, Алматыдағы 20 көшегежаңаесімберіледі. Олардың ішінде Тәукехан, Есімхан, ФаридаШәріпова, ЖаяуМұса, Жетіжарғы, Ақжайнақ, Тайбурылесімдерібар.
Атауы өзгеретін көшелер Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түріксіб аудандарында орналасқан.
Қазір Алматыда 2,5 мыңға жуық көше болып, соның 349-ы бірдеу атауға ие екен.
Т. Раушанұлы