- Негізгі бет
- Тұлға
- Алматы Абай Құнанбайұлының...
Алматы Абай Құнанбайұлының туған күнін тойлап жатыр
Алматы Ұлы Абайдың туған күнін тойлап жатыр. Халық Абай даңғылы мен Достық даңғылының қиылысында орналасқан Абай атамыздың ескерткішінің алдына жиналды. Бұл туралы өзінің facebook парақшасында Алмат Исаділ: "Алматыда алпыс адам жиналып Абайдың туған күнiн атап өтудеміз. Бiз Абайға жақындаған сайын ол бiзден алыстап бара жатқандай", - деп жазды.
Бүгін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. От тілді, орақ ауызды ақынның өлеңдері, қара сөздері, ғибратты әңгімелері мәңгі халық жүрегінде.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілініңнегізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орысжәне еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Ж. Исакаев