Алла Борисовна Пугачева Мәскеу қаласындағы Кузьминский зиратынан өзіне орын дайындап қойыпты. Мәскеудің оңтүстік-шығысында орналасқан зират 60 гектарды алып жатыр. Сол жерде 1986 жылы инфаркт ауруынан көз жұмған әншінің шешесі Зинаида Архиповна жерленген екен. Бұл жөнінде "Ритуал" пресс-қызметінің төрағасы Дмитрий Коробцовтың баяндағандарына сілтеме жасай отырып, РИА "Жаңалықтар" хабарлайды.
"Бұл нақты ақпарат. Бұрындары болашағын ойламайтын адамдар қазір зираттан өздеріне орын дайындап қоюдан қашқақтамайды. Бұл - ертеңгі күнін ойлайтын кез келген жанның жасайтын ісі" - деп түсіндіреді Дмитрий Коробцов. Оның сөзіне сенсек, жақында ғана моланы қайта қалпына келтіріп, отбасылық жандарды қосып жерлеуге мүмкіндік туған көрінеді.
Кеңестік және ресейлік жұлдыз, сазгер әрі продюсер, КСРО халық әртісі Алла Пугачева 1949 жылы 15 сәуірде Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ол 1995 жылы Ресейдің Мемлекеттік сыйлығына ие болып, екі рет "Отанға деген қызметі үшін" марапатталды. 2000 жылы Николай Чудотворцтың "Әлемде мейірімділікті арттырғаны үшін" атты сыйлығымен мадақталды. Кембридж орталығы ресейлік әншінің өнеріне тамсанып, "Музыка мен өнер саласындағы еңбегі үшін" деген атпен орден тақты.
2009 жылы 5 наурызда ол өзінің концерттік қызметін доғаратынын айтты. Сахнадан кету себебін дауыс интонациясының төмендеп кетуімен түсіндірді.
2011 жылдың 23 желтоқсанында 10 жыл бойы азаматтық некеде жүрген сықақшы Маским Галкинмен бас қосып, үйлену тойын өткізді.
Сонымен қатар, осы жылы жаз мезгілінде Алланың өлім алдындағы өсиеті жайында әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын. Сол кезде оның израильдік моладан жер сатып алып қойғаны турасында айтылып еді. Бұл ақпараттар қанша расталып жатса да, Алла Пугачева жақтан әлі де еш үн жоқ...
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: uznayvse.ru