Ресей астанасы Мәскеу қаласында қазақстандық арулар арасында "Мәскеу көктемі" атты сұлулық байқауы өтті.
Ең сұлу да, көрікті қарағандылық Әлия Мұхамеджанова байқаудың жеңімпазы атанды. Мәскеудегі қазақ аруы - Мәскеу Мемлекеттік Университетінің магистранты. Қазір Әлия экология және табиғатты пайдалану мамандығы бойынша білім алуда.
Әлия Мұхамеджанова, 22 жас
Ал байқаудың вице-аруы атағына Зере Мұхамеджанова ие болды. Зере Д. И. Менделеев атындағы Ресей Химия - Технологиялық Университетінде органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша 3-курста білім алуда. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілерде көп дауыс жинау арқылы "Интернет аруы" да атанды. Зере Тараз қаласының тумасы.
Зере Мұхамеджанова, 20 жас
Екінші вице-ару атағына Лаура Жахаева ие болды. Ол Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық Университетінде оқиды. Мәскеу қаласының азаматы саналатын ару экономика мамандығы бойынша Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық Университетінде 1-курс студенті.
Лаура Жахаева, 17 жас
"Мәскеу көктемі" байқауына мақтаулы әділ-қазылар төрелік етті. Соның ішінде әнші және актриса Линда Нығматулина, кинорежисер Егор Кончаловский және "Муз-ТВ" телеканалының бас директоры Арман Дәулетияровтар бар.
Байқауға бұрын Қазақстанда тұрған не қазір де Қазақстанның азаматы саналатын арулар қатысуы шарт болған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, кастинг кезінде Әлия Мұхамеджанова өз елінің тарихын жақсы білетіндігін байқатыпты.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: season.kz