Әлемге әйгілі қылқалам шебері Леонардо да Винчидің өзге де ғылымдармен айналысқаны белгілі болып отыр.
Ол көз жұмардың алдында өзінің шәкірттеріне мұқият толтырылған 120 дәптерді мұраға қалдырған екен. Оның ішінде механика мен инженерлік саланы, әскери өнерді жан-жақты зерттеп жазылған дүниелер бар.
Бір таңқаларлығы – Леонардо анатомия ғылымына да ден қойып, адам ағзасының ішкі құрылысын да тыңғылықты зеттеген көрінеді.
ХХ ғасырдың орта шенінде суретшінің тарапынан жасалған зерттеулер медицина саласы мамандарының арасында талас-тартыс туғызды. Суретшінің шәкірті Паоло Джиово Винчидің мәйітханаларда өліктерді сойып, адам ағзаларын зерттеумен айналысқандығын нақтылы түрде дәлелдеді.
Орыстың атақты ғалымы Павлов Леонардоны өзінің ұстазы санаған. Көркемсурет өнерінің хас шебері ХVI ғасырдың өзінде-ақ адамның ішкі ағза мүшелерінің құрылысын толық зерттеген көрінеді. Павловтың Винчидің теориясын дәлелдегенінен бергі аралықта 400 жылдай уақыт өтті. Алайда оның анатомия іліміне қосқан жаңалығы әлі де күшін жойған жоқ.
Бірақ, дүние салардың алдында әйгілі қылқалам шебері анатомияға ден қоямын деп, көркемсуретті ақсатып алғанына үлкен өкініш білдіріпті.
Сурет: lichnosti.net