- Негізгі бет
- Тұлға
- Әлемге әйгілі Мэрлин...
Әлемге әйгілі Мэрлин Монроның жұмбақ өлімі туралы 7 дерек
Адамзат тарихындағы ең сұлу әйел ретінде белгілі болған актриса Мэрлин Монроның денесі 1962 жылы тамыздың 4-нен 5-не қараған түні үйінен жұмбақ күйінде табылғаны белгілі. 40 дана түрлі дәрі қабылдап қойған актрисаның өлімін зерттеушілер үйінде телефон тұтқасын ұстап жатқан жерінен тапқан.
Актрисаны ЦРУ өлтіруі мүмкін
Мэрлин Монроның АҚШ президенті Кеннедимен байланысы болғаны туралы ақпарат бар. ЦРУ актрисаны қасақана өлтіріп, Джон Кеннедидің Кубаға жасаған шабуылының сәтсіз аяқталғанын «бетіне басқысы» келген. Неге Монроны өлтірді? 2003 жылы Мэтью Смит өзінің «Құрбандық: Мэрлин Монроның құпия жазбалары» атты кітабында ЦРУ-дің президент отбасымен актрисаның байланысы болғанын білген. Ал ұйым оны өлтіру арқылы президент отбасына және президенттің өзіне қысым жасағысы келген деген болжам бар.
Мэрлин Монроны Роберт Кеннеди өлтірді
1962 жылы Фрэнк Каппел «Мэрлин Монроның жұмбақ өлімі» атты кітабында АҚШ президенті Кеннедидің інісің Роберт Кеннеди актрисны өлтіруі мүмкін деп көрсетілген. Оған негіз актрисаның ағайынды екеуімен де кездесіп жүргені белгілі болады. Роберт Кеннеди өзінің саяси беделі үшін Монроны өлтірген. Дәл осы нұсқаны қолдап 1973 жылы жазушы Норман Мейлер актриса өзінің үйінде көңілденсінің қолынан қаза тапты деп пікір білдіріп кітап жазып шығады. Нақты дерек болмағанымен кітап сатылымы жағынан өте тез тарап, ақпарат жалпы жұртқа тарап кетеді.
Араға бірнеше жыл салып журналист Энтони Скадуто өзінің мақаласын жариялады. Онда Мэрлин Монроны Кеннедидің өзі өлтірткені, себебі актриса мемлекеттік құпияларды біліп қойды делінген.
Роберт Кеннеди жалғыз болмаған...
Актрисаның өлімі туралы тағы бір деректе оны тек Роберт Кеннеди жалғыз өлтірмеген. 1985 жылы жарық көрген «Ханшайым. Мэрлин Монроның құпия өмірі мен өлімі» атты кітапта Роберт Кеннедидің актрисаны жалғыз өлтірмегені, оның арнайы топ құрып өлтіргені туралы жазылады.
Арнайы 3-4 адамнан құралған топтың мақсаты актриса өзінің үйінде өзіне-өзі қол жұмсап өлген деген ақпаратты көрсету болды.
Мэрлин Монроны дәрігері абайсызда өлтіріп алған...
1993 жылы Дональд Спото есімді азаматтың жазбасы жарық көрді. Онда ол актрисаның ауруын дәргерінен жасырып, ақырында дәрігер басқа дәрілер беріп өлтіріп алған деген дерек келтіреді. Дәрігердің берген дәрісі Монроның ауруын асқындырып жіберген.
Актриса өзгеғаламшарлықтар туралы құпияны білген
Кезекті дерек әрине ақылға қонымсыз. Дегенмен актрисаның кино әлемінде жүріп режиссерлер мен сценаристердің жазған өзгеғаламшарлықтар туралы фильмдеріндегі адамзатқа қатысы бар кейбір құпия деректерді білген деген түсінік бар. Осы құпияны білгені үшін оған қастандық жасалған.
Мафиялар өлтірген
1982 жылы детектив Мило Сперильо өзінің «Мэрлин Монро өлімі: іс жабық» атты еңбегінде актрисаның қарақолдардың қолынан қаза тапқанын көрсетеді. Дерек расталмаған соң жоғары сот бұл істі жабық күйінде қалдыруды шешкен.
Ағайынды Кеннеди арнайы тапсырыспен өлтірткен
2012 жылы Мэрлин Монроға байланысты тағы бір деректің көзі ашылды. Бұл дерек бойынша актрисаны ағайынды Кеннеди арнайы қарақолдар жалдап өлтірткен.
Жоғарыда аталған 7 деректің бәрі де түрлі зерттеу мен іздену нәтижесінде жасалған болжамдар ғана. Мэрлин Монроның нақты өлімі туралы әлі ақпарат жоқ. Өмірде дәл осындай жұмбақ өлімнің құрбаны болған адамдар көп. Олардың құпиясы ашылмаған күйінде қалуы да мүмкін. Себебі құпияның артында үлкен шындық жатуы ғажап емес...
Дереккөз: bugin.kz
Massaget.kz