1. Американдық Кармен Делль Орефис әлемдегі ең кәрі модельдердің бірі. Ол қазір сескен жастың сеңгірінде отырған әже. Әже дегеніміз болмаса, ол әлі өз карьерасына шек қойған жоқ.
Әлемді өзіне қаратқан әже алағаш рет 15 жасында Vogue журнал беттерінде мансаптық ғұмырын бастаған болатын. Жақында ғана сексен жылдық мерейтойын атап өткен ол әлі тоқтап қалмай жұмыс жасай беретін айтып, жұрттты сендірген екен.
Өзінің алпыс алты жылдық мансаптық ғұмырында ол сансыз фотосессияларға түсіп, әлемнің мыңдаған подиумдарын бағындырды.
Ол қазір де ел назарынан тыс қалып жүрген жоқ, әлі де танымал, әлі де талапшыл. Әлі де түрлі жарнамалық компаниялардан шақыртулар келіп жатыр.
2. Ал модель Дафна Селф 83 жаста.
1950 жылдан бастап fashion индустриясында қызмет жасайды. Nivea, Olay және Dolce & Gabbana сынды атақты компаниялармен бірлесіп жұмыс жасаған Дафна Селф Vogue пен Marie Claire беттеріне де шығып жатады.
Модельдің келбетіне қарап косметикалық операция жасатқан деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ ол ешқашан да бетіне пышақ жолатпаған.
Сонда да Дафна күніне 1600 $ көлеміндегі қаржатпен қанжығасын майлап отыр. Өзінің мансаптық өмірін 1950 жылы бастағанымен, тек 1998 жылдан бастап жалғастырып келеді.
Өзінің сұлу келбетін бұзып алмас үшін ол қатаң диета ұстайды. Сонымен қатар түрлі физикалық жаттығулармен және йогомен айналысуды доғарған емес.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: bigpicture.ru, liveinternet.ru, livestory.com.ua, muz4in.net, barnaul.bezformata.ru, factroom.ru