Әлемдегі ең жас 7 миллиардер

Forbes тізіміне ену үшін 20 жыл жан алқымға келгенше жұмыс істеудің қажеті жоқ. Дәулетті отбасында дүниеге келуіңіз немесе тиімді бизнес бастау жеткілікті. 7kun.kz назарларыңызға әлемдегі ең жас миллиардерлер тізімін ұсынады.

Александра Андресен — 19 жаста
Байлығы: $1,2млрд
Қаражат көзі: Инвестиция

Әлемдегі  ең жас миллиардерлердің бірі – Александра небәрі 19 жаста.  Оның осыншама мол байлыққа ие болуының сыры – отбасылық бизнес. Әкесі Иохан Андерсен арқасында ол отбасылық  Ferd инвестициялық компаниясының 42%-на ие болды. Бұл отбасы 100 жылдан бері  Tiedemanns   темекі маркасының қожайыны ретінде Норвегияда  аты  шыққан. 2005 жылы Андресендер темекі бизнесіндегі үлесін $480 млн-ға сатты. Қазіргі уақытта  Ferd – тек инвестициялық компания. Оны Иохан Андерсен басқарады.

Катерина Андерсен — 20 жаста.
Байлығы:  $1,2млрд
Қаражат көзі: Инвестиция

Катерина — Amsterdam University College-де бірінші курста оқиды. Катерина Андерсен мен Александра Андерсен апалы-сіңлі. Екеуі де Норвегиядағы танымал Ferd компаниясының мұрагерлері. Оларға әкесі Иохан Андерсен компанияның 42% бергеннен кейін екі қыз да бірден миллиардер бикештер болып шыға келген.

Густав Магнар Витзё – 22 жаста
Байлығы: $1,1млрд
Қаражат көзі: Балық аулау өнеркәсібі

Густав Магнар – милиардердің баласы. 2013 жылы әкесі Густав Витзе «В» класындағы акциясының бәрін ұлына сыйға тартады. Осыдан кейін ол Норвегиядағы алпауыт компаниялардың бірі Salmar ASA компаниясының 47% үлесіне ие болып шыға келген. Salmar ASA компаниясын жас миллиардердің әкесі 1991 жылы құрды. Қазіргі уақытта компанияны әкесі Густав Витзе басқарады.  Ал ұлы Магнар үлеске ие болушы ғана.

Эван Шпигель – 25 жаста.
Байлығы:  $2,1 млрд
Қаражат көзі:  Snapchat

Эван Шпигель ауқатты отбасыдан шыққан. Алайда оның миллиардерлер қатарына қосылуына отбасының ешқандай қатысы жоқ. Өзінің жасаған әлеуметтік желісі  оны аз уақыттың ішінде әлемдегі миллиардерлер тізіміне енгізді.

Эван Шпигель Стэнфорд университетінде дизайн саласында  оқып жүргенде  Бобби Мерфи және Реджи Броунмен танысады.   Олар бәрі  бірігіп Picaboo қосымшасын ойлап табады. Алайда олардың арасында Реджи Браунмен араздық туып  Picaboo сәтсіздікке ұшырайды. Осыдан кейін Эван мен Бобби бірге тез арада танымалдылыққа ие болған  Snapschat  әлеуметтік желісін  құрастырып шығарды. Бұл жобаға Марк Цукеберг де қызығушылық танытып, оларға $3млрд сатуға ұсыныс жасайды. Бірақ олар бас тартты. Forbes  дерегінше Snapchat- қа  күн сайын 100 млн адам кіреді.

Людвиг Теодор Браун - 26 жаста
Байлығы: $1,2 млрд
Қаражат көзі: Медициналық техника

Людвиг Георг Браунның кіші ұлы. Людвиг Георг Браун – 1977 жылы  B.Braun Melsungen AG компаниясының тізгінін қолға алып оны медициналық заттар өндіретін алпауыт компанияға айналдырған. Бүгінде компонияда 54 мың адам жұмыс істейді. 2014 жылы табысы $5,4 млрд құрады. Ал Теодор Браун осы компанияның 9,69% иелік етеді.

Бобби Мерфи - 27 жаста
Байлығы: $1,8 млрд
Қаражат көзі: Snapchat

Бобби Мерфи және оның стэнфордтық досы Эван Шпигель мен бірге Snapchat әлеуметтік желіні жасайды. Желі  аз  уақыттың ішінде халық арасында кеңінен тарап, танымалдылық ие болады.  Forbes-тің бағалауынша Мерфидің Snapchat-тағы үлесі  11%-дан кем емес.

Ван Хань – 28 жаста
Байлығы:  $1,3млрд
Қаражат көзі: Әуекомпания

Хань  — миллиардердің баласы. Juneyao Air  әуекомпаниясы Ван Ханның әкесін миллиардерлер қатарына қосады. Алайда оның әкесі 2004 жылы қайтыс болады. Ал Ван Хан осы әуекомпанияның 27%-на иелік етеді.

7kun.kz