Бүгін, 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні. Алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнауы мереке арнаудың өз сыры бар. Бұған әлем саясаткерлерінің Елбасы жайлы айтқан пікірлері дәлел бола алады.
Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Франко Фраттини Елбасының ядролық қаруларды жою туралы жаһандық манифестіне үлес қосқысы келетінін жеткізген. Оның айтуынша аталмыш манифест бүкіл әлемді Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алуға шақырады. Сондай-ақ бүкіл әлемнің мемлекет және үкімет басшыларына, сыртқы істер министрлеріне бірігіп, жаһандық деңгейдегі қауіп саналатын ядролық қарудың таралуына қарсы әрекет етуге үндейді.
"Біз COVID-19 деп аталатын ғаламдық пандемиямен бетпе-бет келдік. Терроризм сияқты басқа да қауіп-қатерді еңсерген жоқпыз. Егер біз ядролық қарудың қаупін жоя алсақ, онда әлдеқайда тиімді ынтымақтастық орнатып, осы жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күресте бірлесіп жеңіске жететінімізге еш күмән жоқ. Сондықтан бүкіл әлемнің мүддесі үшін біздің мәлімдемеміз барынша айқын әрі түсінікті болып отыр. Ядролық қауіпті тоқтатайық. Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алайық. Осы жаһандық проблеманы шешуде бүкіл әлем бізбен бірге болу үшін мүмкіндігінше көп мемлекет пен көшбасшылардың қолдауына жүгінейік!" - дейді Франко Фраттини.
1990 жылдардың басында Кеңес одағы ыдыраған кезде Қазақстанның қазіргідей ел бола алатынына сенген адам аз еді. Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Тони Блэрдің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында елдің табысы артып, тұрақтылығы бекемделе түскен.
"Алдағы сын-қатерлер мен реформаларға қарамастан, Қазақстан болашаққа сеніммен қарай алады. Президент Назарбаев әлем түсінуі тиіс үш маңызды нәрсені жасады. Біріншіден, ол ядролық қарудан бас тартты, соның арқасында Қазақстан өзінің ядролық арсеналын жойған жалғыз мемлекет атанды. Екіншіден, Қазақстан – мұсылман халқы басым ел ретінде діни толеранттылықтың шамшырағы. Қазақстанда дін мен мәдениеттегі айырмашылықтарға қарамастан христиан және еврей қауымдарымен жақсы қарым-қатынас орнатылған. Үшіншіден, Қазақстан екі жаһандық алып – Қытай мен Ресейдің арасында орналасқанына қарамастан, Батыстың адал және сенімді одақтасы болып қала берді, бұған мен 11 қыркүйектегі оқиғалардан кейін көз жеткіздім", - дейді Тони Блэр өз бақылауларымен бөлісе отырып.
ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев болса бүгін де Қазақстан халықаралық саясаткерлер мен сарапшылардың бағалауынша қоғамдағы келісім мен тұрақтылық нық орнаған мемлекеттердің бірі саналады. Ал Қазақстанның Тұңғыш Президентін олар уақыт сынағын сезе білетін халықаралық деңгейдегі стратег деп атайды.
"Әлемдік аренада, әсіресе ТМД кеңістігінде Нұрсұлтан Әбішұлының әріптестері, ең алдымен, қазіргі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлт көшбасшысының бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту бағытын дәйекті түрде жалғастырып келе жатқаны қуантады. Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - ТМД кеңістігіндегі ең құрметті саясаткерлердің бірі және халықаралық деңгейде зор беделге ие. Мен ТМД Атқарушы комитеті атынан шын жүректен Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық, Қазақстанның игілігі үшін сарқылмас қуат тілеймін", - дейді ол.
Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық деңгейдегі еңбегін ерекше бақылайтын белді саясаткерлердің бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун. Ол ортақ әрі қауіпсіз болашақ үшін тер төккен Елбасына ерекше ырза.
Оның айтуынша, кейінгі жылдардағы әлемдегі ең маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстандағы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және осы елдің кеңестік стратегиялық ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуы. Бұл адамзат пен Жер шарымыз үшін тарихи шешім болды. Полигонда жасалған 500-ден астам жарылыс жергілікті халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізгені тарихтан белгілі.
Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолында бұл батыл қадам еді. Қазақстанның ядролық қарусыздану мен қаруды таратпау саласындағы жаһандық көшбасшылығының бастамасы – сыртқы саясаттың табысты болуына және жас ұлттың жаңа қалыптасып келе жатқан дипломатиясының жаңа биіктерге көтерілуіне ықпал етті. Бұған Қазақстанның 2002 жылғы мамырдағы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімді ратификациялауын, 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Ядролық қарусыз әлем құру туралы маңызды декларациясын қабылдауға бастамашылық етуін, БҰҰ-ға 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялауға жәрдемдесуін қосуға болады.
"Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы ретінде мен шешуші көшбасшылық маңызды сәттерде бұл бастамалар жекелеген халықтардың ғана емес, бүкіл әлемнің траекториясын өзгертуге көмектесе алатындығына бірнеше рет куә болдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық жаһандық көшбасшыларға БҰҰ-ның ядролық сынақтар мен таратуға тыйым салынған әлемді, сондай-ақ біз ядролық қарудан толығымен азат болатын әлемді құруға жәрдемдесуде күш-жігерді қайта жандандыруға шақырамын", - деп атап өтті Пан Ги Мун.
Италияның бұрынғы Премьер-министрі Романо Проди Қзаақстанды Орталық Азияның негізгі қозғаушы мемлекеті ретінде таниды екен. Италияның белгілі саясаткері Қазақстанда алғаш рет ертеректе бір келіп кеткен. Содан бері Қазақстанның қалай гүлденіп келе жатқанын өз көзімен көрген. Атап айтқанда Романо Проди елордадағы Назарбаев Университетінің ашылуына қатысып, ғалым ретінде ондағы профессорлардың біліктілігіне, біліміне ерекше тамсанған екен.
"Менің ойымша Назарбаев Университетінің өзі елдің келешегі үшін ашылған керемет білім ордасы. Мен жалпы болашақтың білімде екеніне әбден көзім жеткен адаммын. Қазақстан алып елдердің ортасында орналасқан. Бірақ Назарбаевтың арқасында Қазақстан екі алыптың тілін тауып, олармен бейбіт келісімге келіп, елді дамытып келеді. Мен шынында да Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше бағалаймын. Қазақстан халқы гүлденіп, сенімді болашаққа қадам баса беруін тілеймін", - дейді Романо Проди.
Германия Федеративті Республикасының бұрынғы Федералды канцлері Герхард Шрёдер Нұрсұлтан Назарбаевпен ең алғаш рет 2001 жылы кездескен екен. Немістің қоғам қайраткері ә дегеннен Елбасымен ойы бір жерден шығып отырғанын еске алады.
"Ол кісі әзіл араластырып сөйлеп отырады екен. Бірақ сонымен қатар Назарбаевқа сенуге тұрарлық адам екенін ұға бастадым. Егер ол «иә» немесе «жоқ» десе, оның айтқаны екіұшты мағына білдірмейтін. Осы қасиеті әлі бойында екенін атап өту керек", - деп еске алады өткен шақты ол.
Герхард Шрёдер мемлекет басшыларының достығы өте маңызды екенін атап өтеді. Себебі басшылардың өзара сенімі өзара түсіністікке жол ашып, халықаралық саясаттағы валюталардың бірі саналады. Егер мемлекет басшылары бірін-бірі жақсы таныса, оларға жан-жақты позицияларды қысқартуға толық мүмкіндік бар. Әртүрлі мемлекетте әртүрлі позиция бар, бірақ компромисті қашан да тауып алуға болады.
"Нұрсұлтан Назарбаев компромиске қашан да дайын адам. Ол кісі күш салмаса, Германияда ғана емес, Қазақстанда да заңсыз есірткі айналымына қарсы күресте жетістіктерге жету мүмкін болмас еді. Елді жаңғырту барысын қалай талқылағанымыз әлі күнге дейін есімде. Шынында да, бұл бағытта керемет нәтижелерге қол жеткіздік. Батыс кейде Қазақстанның ерекше ашықтығымен әрі діни тұрғыда әртүрлілігімен ерекшеленетінін ескермейді. Мен католиктік және евангелисттік қауымдастық өкілдерімен сөйлестім. Олардың барлығы бірдей пікірде. «Қазақстандағы діни сенім бостандығы маңызды деңгейде. Мұның бәрі Қазақстанның Тұңғыш Президенті саясатының арқасы» дейді олар. Бұл ерекше құрметке лайық, өйткені мұсылманы басым мемлекеттер діни ашықтықтың осындай дәрежесін көрсете алмайды, - дейді Герхард Шрёдер.
АҚШ-тың Мемлекеттік қайраткері Джеймс Бейкер Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығын «Қазақстанның құрылуы» түсінігінен ажырату мүмкін емес деген ой түйіпті. Халықаралық дипломатияның маңыздылығын жақсы түсінетін саясаткер Елбасының ықпалының арқасында 1990 жылғы Қазақстан жылдар өте келе гүлденген әрі қауіпсіз, іргелі мемлекетке айналған.
"Әлемдік аренадағы оның табысы – сыртқы саясатта шетелдік әріптестерімен мығым қарым-қатынас орната білуінде. Ол өзінің замандастарымен жеке достаса білетін көшбасшы. Менің Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы болған кезім қырғи-қабақ соғыстың аяқталуына тұспа-тұс келді. Өз басым Назарбаевпен жақын қарым-қатынасты сезіп жүретінмін. Кәсіби қызметін абыроймен атқарған Нұрсұлтан Назарбаевқа достығымыз үшін алғысымды айтқым келеді", - дейді Джеймс Бейкер.
Түркия Республикасының 11-ші президенті Абдуллаһ Гүл ұзақ саяси өмірінде және 7 жылдық президенттік қызметі кезінде Нұрсұлтан Назарбаевпен етене жақын жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанын, оны жақынырақ танып, арада берік достық орнағанын еске алады.
"Осы шеңберде мен ол кісі туралы ойымды үш тармақта түйіндегім келеді. Біріншіден, Кеңес одағы ыдыраған кезден бастап құрметті Назарбаев мырза бүгінгі тәуелсіз, дамыған Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде қазақ халқына көреген ұлы көшбасшы бола білді. Тұңғыш президент ретінде ол шекаралары шегеленген, тұрақты және сенімді мемлекет құрды. Қазақстанның ресурстарын өте тиімді пайдалана отырып, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағынан қуатты мемлекет ретінде Орталық Азияда тұрақты даму мен өрлеуін қамтамасыз етті. Ол әсіресе білімге, ғылымға үлкен мән берді. Қазақстанның жаңа ұрпағының отандық және шетелдегі ең үздік білім-ғылым ордаларында білім алуына жағдай жасап, оларды болашаққа дайындады. Ол мықты және нарықтық еркін экономиканы қалыптастырды. Осы ретте Қазақстан Азияның жұлдызы жарқыраған елі ретінде әлем назарын өзіне аударды. Әрине, мұндай ел халықаралық платформада да үлкен беделге ие әрі көптеген халықаралық бастамаларға ұйытқы болды, жетекшілік етті", - дейді Абдуллаһ Гүл.
Түркияның бұрынғы президенті екіншіден, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ең толысқан кезінде, яғни саяси жағынан тұғыры биік кезеңде, қазақ халқының және бүкіл мемлекеттік институттардың қолдауы мен адалдығына ие бола тұра, елінің болашағы үшін үлкен кемеңгерлік және парасаттылықпен президенттік қызметінен өз қалауымен бас тартып, жаңа буынға жол ашқанын айтады. Бұл – саяси тарихтағы сирек кездесетін оқиғалардың бірі.
Абдуллаһ Гүл қазақ халқының бұл шешімді әрдайым зор ризашылықпен өз жадында сақтайтынына сенімді.
"Назарбаев мырза елінің даму жолымен демократиялық елге айналуына, демократиялық құндылықтарға деген сенімнің артуына және парламенттік жүйенің күшеюіне, билік тармақтары арасындағы теңгерімді орнықтыруға бар күшін салды. Халықаралық саясатты терең түсінетін шебер саясаткер ретінде Назарбаев бұл қадамдарды саналы түрде жасады. Ол, расында да, ардақтауға лайық бірегей тұлға. Үшіншіден, Құрметті Назарбаев мырза – Түркі әлемін жүрегімен сезініп, оған ақыл-ой, парасатымен қызмет еткен қайраткер. Мен мұны өзім куә болған адам ретінде айтып отырмын. 2010 жылы Түркі кеңесін бірге құрдық. Мен оны күллі түріктің ақсақалы деп мәртебе тұттым. Құрметті Назарбаев мырзаның сарабдал саясатында, Түркі әлемінің алдымен мәдени-гуманитарлық және экономикалық, содан кейін саяси ынтымақтастықта болуы – оның ең басты мұрат-мақсаты. Осы тұрғыда, Қазақстан әрқашан барлық игі бастамалардың ұйытқысы болып, әрдайым қолдау көрсетіп келеді", - деп түйді Абдуллаһ Гүл.
"Нұрсұлтан Назарбаев: Жаһандық деңгейдегі саясаткер" атты халықаралық конференцияға АҚШ–тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бейнежолдау жолдады.
"Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Ол мемлекет басшысы ретінде,халқына көп еңбек сіңірді. Осы уақыт аралығында Қазақстанның әлем елдері арасында беделі артып, ішкі даму сатыларында да талай биіктерді бағындырғанын білеміз. Бірқатар халықаралық ұйымға жетекшілік етті, ауқымды іс-шараларды абыроймен атқарып шықты. Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет",– дейді Кондолиза Райс.