Cенбінің кешінде Манила қаласында (Филиппин) "Әлем аруы-2012" атты жер-жаһандағы ең дүбірлі байқау өз мәресіне жетті. Бұл жолғы дүбірлі додада чехиялық Тереза Файксова алтын тәждің иесі атанды.
Айтулы жүлдені, яғни тәжді "Әлем аруы-2011" байқауының жеңімпазы эквадорлық Ольга Алава тапсырды.
Айта кететін болсақ, екінші орынды филиппиндік Стефани Стефановиц еншілесе, үздік үштіктен венесуэлалық Осмариэль Вильялобос көрінді. Ал бразилиялық Камила Брантқа төртінші орын бұйырды.
Байқаудан келіп жеткен ақпарат бойынша, Терезе Файксованың жасы 23-те екен. Бойы - 180 сантиметр. Салмағы - 56 келі. Ең қызығы сол, Тереза - студент.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық Светлана Расщупкина осы жылғы "Хан Шатыр аруы" байқауын жеңіп ала тұра байрақты бәсекеге қатысудан бас тартқан болатын.
сурет:kp.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек