- Негізгі бет
- Тұлға
- "Алдаспан" тобының бас...
"Алдаспан" тобының бас солисі Шамшаддин Омар үйленгелі жатыр
Фото:
massaget.kz
Елімізде этно-рок стиліндегі әндерімен танылып жүрген «Алдаспан» тобының бас солисі Шамшаддин Омар үйленгелі жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шамшаддиннің айтуынша, қалыңдығымен бір мектепте оқыған. Бір ауылда өсіп, артынша екеуі де Алматы қаласында білім алған. Қыз әншінің әндерін сүйіп тыңдайтын тыңдарманы болып шықты. Шамшаддиннің анасы қалыңдықтың бастауыш сыныптағы ұстазы болған екен. Жуырда Шамшадин болашақ жарын анасымен қайта жолықтырып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.
Ақтоты Жапатова есімді бойжеткен Шамшадиннен 4 жас кіші. Екі жастың тойы тамыз айының 1 жұлдызына жоспарланып отыр.
Қ. Бүйенбай