- Негізгі бет
- Тұлға
- «Алаштықтар» айтқан екен......
«Алаштықтар» айтқан екен... #2
"Алаштықтар" айтып кеткен асыл сөздердің қатарына тағы да бір топ қайраткерлер ойын қосайық. Олардың қоғамдық көзқарастағы әрбір сөзі тасқа басқан таңбадай.
"Алаш" ордасының белді мүшесі, Райымжан Мәрсек:
Оқу, оқыту, өнер үйреніп, адал кәсіп істеуге қазақ көңіл қойып талаптанса, көзі ашылар еді, сонда қазақ ел болар еді.
Ұмтылған заман келді. Ерлердің қайраты, жақсылардың білімі, елдің елдігі, ынтымағы саналатын жорық болды. Қазағым, ойлан, толған! Ғылымсыз күн – қараңғы түн.
Енді ел боламыз, қатарға қосыламыз десек, мектеп, медресені көбейтуге тырысу керек. Партия қуып, қулық, сұмдық сауғанша, баламызды оқытып, жұрт болу жағын көксесек керек, бұл біздің атқаратын зор міндетіміз.
"Алаш" ордасын құруға ат салысқан Жүсіпбек Аймауытұлы:
Ұлтшыл болу – адамшылдық ісі емес, заманның ісі.
Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да – оқығаны. Оқығанын қазақ сыйлайды, соңынан ереді. Қадірлейді. Сенеді. Білімді, ақылды, жақсылықты, үлгілі, тәртіпті, ақиқатты, әділдікті, қызметті – оқығандарынан күтеді.
Ғылым – білімге қонады, білімсіз ғылым – саңырау, ғылым – білімді ұлғайтады, ғылымсыз білім – тым құрғақ. Білімді орнына жұмсау керек, жамандыққа салынған білімдіден – білімсіз артық.
Әрбір білім – шын білім болса, есепті қолданбай тұра алмайды.
Түркістан Ұлттық кеңесінің атқарушы комитет төрағасы, "Алаш" белсендісі, Мұстафа Шоқай:
Өзінің ішкі бірлігін нығайта алған халықтар ғана тәуелсіздігіне қол жеткізе алады және оны қорғап қала алады.
Ұлттық еркіндік пен азаттықа – талпыну табиғаттың болмай қоймайтын заңы тәрізді нәрсе.
Еуропа – негізі жаман емес. Ол кешегі және бүгінгі Ресейден әлдеқайда жақсырақ. Дегенмен өз күшің мен өз құдіретің болғаны бәрінен де жақсы.
Тіл – халықтың перзенті.
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл.
М. Ақан