- Негізгі бет
- Тұлға
- Актриса Аида Жантілеуова...
Актриса Аида Жантілеуова тұрмысқа шықты
Актриса Аида Жантілеува кеше Орал қаласында ұзатылды. Бұл туралы Айгүл Иманбаева өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялады.
"Әлі есімде... Кеше ғана ауылдан келген кішкентай қыз... Өнерге деген махаббаты шексіз. Арманы асқақ! Әке-шешесінің үмітін ақтаймын деп тек алға ұмтылған менің құндызым! Жарық жұлдызым! Ішкі жан-дүниесі тап-таза балапаным! Туғанымдай болып кеткен сіңлім Аида! Сенің өмірдегі де, өнердегі де әр қадамыңның куәгері болып келем. Әр жеткен жетістігіңе балаша қуанамын! Сен – менің жүрегімнің бір үзігісің. Сен оны жақсы білесің. Әттең, жазмыш шығар, бүгінгі сенің қуанышыңды әкең Ізғали көре алмай кетті. Аллаға шүкіршілік, анаң, бауырларың қасыңда. Алтыным, бүгінгі бақыт тойың құтты болсын! Маңдайыңда бес елі бақ болсын! Күйеу бала екеуің ғұмыр бойы бірге болыңдар! Ренжіме, жаным, жұмыс солай болды. Бүгін қасыңда бола алмадым. Достар! Бүгін қазақтың ерке қызы, актриса Аида Жантілеуованың ұзатылу тойы Орал қаласында! Тілекші болайық!", - (ред. пунктуациялық түзетулер енгізілді) деп жазды Айгүл Иманбаева.
Аиданың таңдауы түскен сері – алматылық Ерғазы есімді жігіт. Той Алматы қаласында 26 қазанда өтеді. Бұл туралы Massaget.kz-ке актрисаның туған сіңлісі мәлім етті.
Massaget.kz ұжымы актрисаға сарқылмас бақыт тілейді!
Дайындағандар: Мейіргүл Оңғарова, Шерхан Талап
Сурет: instagram.com/liazzat1989
М. Оңғарова