Бүгін АҚШ-та кезекті президент сайлауы басталды. Миллиондаған АҚШ тұрғындары Барак Обама мен Митт Ромнидың біріне таңдау жасаулары керек. Шығыстағы штаттарда АҚШ уақытымен 19:00-де дауыс беру науқаны басталып кетті. Кезекті ел президентін сайлау науқаны АҚШ тарихындағы ең шиеленісті және жұмсалған қаржы ең көп президент сайлауы ретінде тіркеліп отыр, деп хабарлайды BBC.
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, аталған шараға дайындық осыдан екі жыл бұрын-ақ басталып кеткен еді. Дүбірлі шараға кеткен жалпы шығын 2 миллиард АҚШ долларынан асып кеткен.
Дауыс беруді бастау уақыты АҚШ-тың әр өңірінде әр түрлі. Нью-Гемпшир штатында жергілікті уақыт бойынша 0:00-де, яғни Гринвич орташа уақытымен 5:00-де билет тастау басталып та кетті. Тағы бір ақпарат көздерінің хабарына сенсек, Обама өз қарсыласынан 23 дауыспен алда келеді. Ал, Ромни 9 дауыс.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Дереккөз және сурет: bbc.com