1. Обама — дұрыс ой тұрғысынан келгенде, ол — реалист. Бірақ оны стратегтен гөрі, идеолог деген дұрыстау болады.
Генри Киссинджер, Америка саясаткері
2. Обама сайлауға түсерде "халықтың әл-ауқатын түзетемін, елдің сыртқы саясатын жолға қоямын, халықаралық беделін арттырамын" деген сынды бірталай уәде берген болатын. Бұл міндеттерді атқаруды былай қойғанда, ол ахуалды тіптен нашарлатып жіберді. "Мүйіз сұраймын деп, құлақтан айырылдының" керін келтіріп отырған жоқ па? Қазір еліміздің өзге мемлекеттер алдындағы беделі қай деңгейде екенін айтудың өзі артық.
Джеб Буш, АҚШ-тың 41-ші президенті, Джордж Буштың ұлы
3. Сөз жоқ, АҚШ — ұлы держава. Америка халқы бұл елді бірнеше ғасырлар бойы қалыптастырды. Бұл — үлкен нәтиже. Бірақ бұл бүгінгі күні АҚШ билігі бүкіл әлемді шарлап жүріп, кім көрінгенді ұстап алып, өзінің түрмесіне тоғыта беруіне болады, "кім бізбен бірге болмаса — ол бізге қарсы" деген ұстаныммен әрекет ете беруге болады дегенді білдірмейді.
Владимир Путин, РФ президенті
4. Обама сырт көзге жақсы адам болып көрінеді. Мәселенің өзі де осында. Қой терісін жамылған қасқырға қарағанда, қасқыр терісін жамылған қой жақсы.
Джуллиан Ассанж, WikiLeaks сайтының негізін салушы
5. Рок-жұлдыздардың сипатына ие екі саясаткерді ғана білемін. Бұлар — Клинтон мен Рейган. Обама — туа бітті көшбасшы. Ол бөлмеге кіріп келгенде бәрі тым-тырыс бола қалады да, сосын ол қайда бастаса, сонда баруға әзір болады.
Джордж Клуни, америкалық актер
6. Ол — жаңа, харизматикалық тұлға. Америка Клинтондардан шаршады. Оған компромистер емес, идеалдар керек.
Дэвид Геффен, америкалық кинопродюссер, меценат