- Негізгі бет
- Тұлға
- Ахмет Байтұрсынұлына ұқсайды:...
Ахмет Байтұрсынұлына ұқсайды: журналист тың видео жариялады
Журналист Абылай Маудан facebook парақшасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына қатысты тың дерек тапқанын жазды.
Ол 1926 жылы Ахмет Байтұрсынұлының Әзербайжан астанасына барған сапарында Бүкілодақтық түркологтар құрылтайының бейнежазбасына түсіп қалғанын айтады.
«Биылғы Әзербайжан астанасына барған сапарымызда 1926 жылы Бүкілодақтық түркологтар құрылтайының бейнежазбасын алуға келіскен едік. Тарихи бейнетаспа тамыз айының аяғына таман қолыма тиді, – дейді Абылай Маудан.
Видеода президиумда Ахмет Байтұрсынұлына ұқсайтын адамның отырғанын көруге болады.
Абылай Маудан айтуынша, бұл адамның ұлт ұстазы екенін ахметтанушылар да растап отыр екен.
«Gullu Yologlu ханым Сізге мың алғыс! Мұның ішінде алыстан түсірілген 1.28 секунд видеоны Ахаңа ұқсатып отырмыз. Ахметтануға зор еңбек сіңіріп жүрген Орынай Жұбай, Елдос Тоқтарбай сынды ғалымдар «отырған орны, киген киімі, келбеті бәрі-бәрі Ахаңа келеді» деп сеніммен айтып отыр. Күман болмас үшін тиісті орындарға құрылтайда түскен фотосымен қоса жіберіп, сурет пен бейнедегі кісінің ұқсастығын анықтап беруді сұраған едік. Олардан «толық зерттеу үшін көп уақыт керек. Түпнұсқа виедоның сапасы өте нашар. Әйтсе де, образно ұқсайды» деген жауап келді. Осы салада тәжірибесі бар-ау деген жандардың бәрінен осыған ұқсас жауап алдық», - дейді ол.
Одан кейін журналист Баку құрылтайының видеосынан Ахаңа ұқсайтын бір кісінің бейнесі болғанын айтады.
«Бірақ анықтап қарасаң ол Ахаңның 1925-1926 жылдардағы түскен фотосымен сәйкеспейді. Еті қашып, қартайған кезіне ұқсайды, иегі де тым қушиып қалған. Ахаң 1926 жылы 54 жаста, етжеңді кезі екенін естеріңізге сала кеткен артық болмас», - дейді Абылай Маудан.
Т. Раушанұлы