Baq.kz порталы Моңғолиялық қандасымыз Барбол Құмарбекұлының ағаштан жасаған қазақы бұйымдарын жариялапты. Бауырымыздың өнеріне біз де ілтипатпен қарап, оның туындыларын массагеттіктердің назарына ұсынуды жөн көрдік.
Барбол Құмарбекұлы Моңғолияның Дэлүн деген жерінде дүниеге келген. Ағаштан түйін түйіп жүрген жас шебер Моңғолияның Ғылым және техника университетін ағаш жиһаздарының дизайнері мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қазақ киіз үйінің ағаш жабдықтарын, әшекей оюлармен қазақы төсек, сандық, ыдыс-аяқтар жасайды.
Барбол қазір небәрі 21 жаста
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: baq.kz