- Негізгі бет
- Тұлға
- Адольф Гитлер ұрпақсыз...
Адольф Гитлер ұрпақсыз қала ма?
Атышулы Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жылдың жүзі де болып қалды. Бірақ, оның зардабын адамзат әлі ұмытқан емес. Тарихтағы алпауыт әскери қақтығыс материалдық шығындарды айтпағанда, миллиондаған адамның өмірі мен отбасылардың күл-талқанын шығарды. Біз бұл туралы айтқанбыз да, айта да бермекпіз.
Осының бәріне берілетін жауаптың көп бөлігі ұлтшыл қылмыскер Адольф Гитлердің мойнына артылған. Фюрердің тікелей ұрпағы қалмағандығы бәріне белгілі. Қазір оның тұқымы тірі қалған бес отбасы мүшесінің қолында: әпкесі Ангелдың немерелері – Петр Рубель және Хайнер Хохеггер және Александр, Луи және Брайн есімді немере іні-қарындастары.
Петрдың жасы 82-ге шықты, ол аустралиялық Линц қаласында дүниеге келген және әлі күнге дейін сонда тұрады, зейнетке дейін инженер болып істеген. 68 жастағы айнер Хохеггер Дюссельдорфе қаласында тұрады, басқалары Америка Құрама Штаттарында туылып, сонда өсті. Солай бола тұрғанымен, аталған туыстардың бірінде де бала жоқ. Фюрердің жақын туыстары олардың тұқымы осы адамдармен бітеді деген шешім қабылдаған екен.
Адольф Гитлердің артынан бала қалмады, ал оның ең жақын туысы Уильям Патрик Гитлер 1947 жылы тегін Стюарт-Хьюстон деп ауыстырып жіберген.
Кезінде жер бетіне өлім сепкен, атақты Гитлердің тұқымы осылай жоғалып барады. Бұл қанды қырғын үшін алған қарғыс па, әлде тағдыр солай бұйырды ма?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: life.obozrevatel.com