Абай Құнанбайұлы – біртуар ойшыл. "Поэзияда, музыкада, қоғамдық–азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Еуропа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр", – деп жазады Мұхтар Әуезов.
Ақиық ақын мен сыршыл суретшіге шабыт берген қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев бейнеленген суреттерді ұсынамыз.
Л.П. Леонтьев. Абай Семей қаласының кітапханасында, 1954.
С. Айтбаев. Абай, 1994.
Ш. Ниязбеков. Абай портреті.
А.С.Бергер. Абай ұлы Мағауиямен, 1944.
В.И. Третьяков. Абай жандармерия басқармасында, 1971.
Р. Есіркеев, Абай, 1968.
Н. Крутильников. Абай өлең жазуда, 1927-1928.