«Нысана» әзіл-сықақ театрының әртісі Абай Аязбаев Инстаграм желісінде «Абайдың қыңыр сөздері» деген атпен әлеуметтік астары бар әзіл-шыны аралас авторлық қалжың-қағытпаларымен бөлісіп отырады. Қазіргі таңда отыз мыңға жуық оқырманы бар Абайдың бұл айтқыштығы көптің көңіліне жағып жүр. Сіздерге сол қағытпалардың бірнешеуін ұсынуды жөн санап отырмыз.
* Күрестен үлкен жетістіктерге жетуіміздің бірден-бір себебі: бізде аяқтан шалу әдісі жақсы дамыған.
* Конверті көп үй, жақында той жасаған немесе үйінде біреу парақор.
* Адал дос – бөрене, балтамен қанша ұрсаң да бөлінбейді. Арам дос – көлеңке, басыңа бұлт төнгенде көрінбейді.
* Бірінші неке – махаббат. Екінші неке – есеп, ал үшінші неке – әдет.
* Неғұрлым «Қымбаттым» деген сөзді көп естіген әйел, соғұрлым қымбат көйлек киеді... Менің ойымша, «Қымбаттым» сөзін «Сымбаттым» деген сөзге ауыстыру керек сияқты.
* Кейбір қыздарды кешкі асқа шақырсаң, таңғы шәйіңмен қосып ішіп кетеді.
* Шымкентте көліктің алдынан мысық кесіп өтпейді, оларға да жан керек...
Cурет: Жеке мұрағаттан