Сурет салудың түрлі әдістері заманмен қатар дамып келеді. Біреулері қарындаш пен бояуларды пайдаланаса, енді біреулері электр тоғын қолдануда. Ал вьетнамдық суретші әйелдің әдісі мүлдем басқа екен. Ол суретті құмның көмегімен салады.
Өзгеше әдіспен салынған бұл суреттер әлемде жылдам сатылуда. Сұраныстың көбеюіне байланысты Y Lan 30 адам жұмыс істейтін «Y Lan Sand Painting Co Ltd» атты компания ашады. Олар қалыпқа түрлі-түсті құмды ретімен орналастырып сурет салады. Бұл өнерді жақсы меңгерген Y Lan пейзаждарды ғана емес, детальды портреттерді сала алады. Сондай туындыларының бірі – Хо Ши Мин.
Төзімділік пен қажырлылық – бұл өнерді игерудің басты кілті. Бір ғана орынсыз қимылыңыздың арқасында, бірнеше сағаттық жұмысыңыз зая кетуі мүмкін.
Y Lan-ның бұл өнерді қалай меңгергендігіне тоқталсақ, 2001 жылы жарының туып-өскен қаласы Фантхьетте (Phan Thiet) қыдырып жүргенде түрлі-түсті құмдарды көріп қайран қалады. Артынша оларды әйнек құтыға салып, үйіне әкеледі. Сол құмдардың көмегімен алғашқы суреттерін салып көреді. Нәтижесінде таңғажайып туындылар жасап, әлемге эстетикалық ескерткіштер сыйлайды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Gyz9rzLltLk","width":"425","height":"350"});
Дәл қазір Y Lan Вьетнамның түкпірлерінен алынған 80 түсті құмды пайдаланады. Ең қызығы Y Lan-ның бұл салада арнайы білімінің жоқтығында. Туа біткен талант деген - осы.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rambur.ru