Әйгілі фотосуреттердің тарихына үңілуді жалғастырамыз. Бұған дейін Кевин Картердің "Судандағы аштық" атты суреті жайында ақпарат беріп өткен едік.
Мына сурет те екінің біріне таныс. Бүгін осы суретті кім түсірді, бұл суретте кімнің маңдай тері жатыр деген сұрақтарға бас қатырып көрейік.
Бұл суреттің авторы - америкалық фотограф Чарльз О’Реар (Charles O’Rear). "Bliss" (қаз. "Мүлгіген тыныштық") деген атау алған сурет Windows XР-дің стандартты түсқағазы ретінде қолданылады. Фото Калифорния штатының Сонома округінде 1996 жылы түсірілген.
Чарльз О’Реар National Geographic-те 25 жыл бойы фотограф болып қызмет атқарған. Күллі әлемге саяхаттап, түсірген суреттерінің ішінен бір ғана осы суреті оған әлемдік даңқ алып келді.
Microsoft компаниясының көңілінен шыққан сурет бүгінде әрбіріміздің жұмыс үстелімізден ойып тұрып орын алған.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: vk.com