Бір кездері ысқыш емес, ірімшікпен салыстырып, оның неге су астында өмір сүретінін түсінбей дал болған Sponge Bob анимациялық сериалының негізін қалаған Стивен Хилленберг айықпас дерттен қаза тапты. Стивен Хилленберг деген кім? Оның мультипликация саласына сіңірген еңбегін бәріміз жақсы білеміз. Спанч теңіз ысқышының бейнесін жасауға оның екінші мамандығы, яғни,теңіз биологіқызметін атқаруы себеп болған. Бұл мамандықты игеру үшін Гумбольдт университетінде білім алған. 1961 жылы 21 тамызда дүниеге келген аниматор бала кезден Жак Кустоға еліктеп, 15 жасынан бастап мұхит флорасы мен фаунасын зерттей бастайды. Кейін Калифорния Өнер Университетіне оқуға түседі. Биологиядан бөлек, сурет салу, кескін мен анимация бағытында оқиды. Бұл мультипликация тарихында Рокконың заманауи өмірі атты туындының пайда болуына алып келеді. Бұл шоу аяқталған соң, жаңа туындыны жасау үшін Стивен талмай еңбек етеді. Қос қызығушылығын бір жолда тоғыстыра білген аниматор 1996 жылы Спанч Бобтың негізін қалайды. Бастапқыда қарапайым теңіз ысқышы болуы тиіс Бобты көбірек әзіл мен ойынға жақындату мақсатында оның пішінің шаршы формасында береді. Алдымен Боя деген атау бергенімен кейін оны Боб-қа алмастырады. Арналардың басшылығына Спанч Бобтың өмір сүруге мүмкіндігі барын дәлелдеу үшін оның мүсінін жасап қана қоймай, оған музыкалық сарын береді.1999 жылдан бастап, Никеллодеон көрсетілім құқығына ие болғаннан соң анимациялық фильм әлемдік танымалдылыққа ие болады. Стивен Бикини Боттам деп аталатын су асты қаласын салады: Патрик, Сквидвард, Мистер Крабс, Сэнди есімді кейіпкерлердің бейнесін жасайды. Мультипликация танымалдылыққа ие болғаннан кейін, оны дамыту мақсатында өзге топтар біріге жұмыс жасай бастады. Дегенмен, әлем Стивенді Спанч Бобтың атасы ретінде есте сақтайды.