- Негізгі бет
- Тұлға
- People журналы: "Гвинет...
People журналы: "Гвинет Пэлтроу – әлемнің ең әдемі әйелі"
Голливуд жұлдызы Гвинет Пэлтроуға People журналы "Әлемнің ең әдемі әйелі - 2013" деп баға берді. Бұл 26 сәуір күнгі басылымның арнайы бетінде жарияланған.
"Мен ойладым, біреулер мені келеке еткісі келді ме деп. People жіберген қарлығаш-хатты үш мәрте оқып шықтым. Соған қарамастан, сенгім келмеді, өйткені, сене алмайтын едім", - деп Пэлтроу "сұлу әйел" атанғанына ерекше таңданыс білдіріпті.
Басылымға берген сұхбатында Гвинет өзінің сегіз жасар Эппл мен жеті жастағы Мозес есімді қос баласының алдында қарапайым ана болып көрінетін жасырмаған. Ол қатарда өзінің үлкен джинсы мен футболка киетін және опа-далап қолданбайтын қасиетін атап өткен.
Айтулы тізімге Гвинет Пэлтроудан өзге де жұлдыздар енген: Квентин Тарантино түсірген "Бостандыққа шыққан Джанго" фильмінің жұлдызы Керри Вашингтон, "Оскар" сыйлығының иегері Дженнифер Лоуренс пен әйгілі әнші Пинк. Сол қатарда актриса Зое Дешанель, Аманда Сейфрид, Дрю Бэрриморлердің де есімдері аталады. Бір айта кетерлігі, тізім ішіне жетпіс бес жастағы актриса, модель әрі продюсер Джейн Фонда да еніпті.
Айта отырсақ, People нұсқасы бойынша өткен жылдың ең сұлу әйелі болып әнші Бейонсе танылған-ды.
Сурет:www.luxplanet.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига