- Негізгі бет
- Тұлға
- Lido Nikon компаниясын...
Lido Nikon компаниясын таныстыратын ресми тұлға болды
Қазақстандық Lido есімді әнші Nikon компаниясының ресми таныстырушы тұлғасы болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
Отандық әнші мен фотоаппарат өндіретін белгілі компания арасында 1 жылға келісім-шарт жасалған. Компания өкілдерінің айтуы бойынша, олардың таңдауы тек әдемі болғаны үшін ғана емес, сонымен қатар осы фотоаппараттың қолданушысы болғандықтан Lido-ға түскен екен.
«Lido тек шоу-бизнестегі сәтті қадамдары үшін ғана емес, сонымен бірге өз атындағы киім үлгісін шығаратын әрі бала тәрбиелеп отырған ана болғаны үшін бізге тиімді болды» дейді Nikon компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Динара Ибраева.
Ал Lido болса өз кезегінде түрлі фотосессияларда модель ретінде өнер көрсетіп жүргендіктен мұндай іскерлік байланыс өзіне қызықты болғанын айтады. Ол тіпті фотографияға өнер деп қарайтынын және осы орайда келісім-шарттың ұзаратынына үмітпен қарайтынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қазақстандық әнші Лидо британдық Lazy Eight бренд компаниясының іш киімдерін жарнамалау кампаниясына қатысқан еді. 2012 жылы өнерпаз Қазақстандық сән апталығына (KFW) модель ретінде алғашқы қадамдарын жасаған болатын.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: Nikon компаниясы
А. Құлтай