Didi Chuxing ( 滴滴出行 , pinyin: Dīdī Chūxng, Didi Kuaidi, 滴滴快的) такси, автобус, жеке автомобильдерге тапсырыс беретін Қытайдағы қызмет түрі. Компанияның негізін қалаған 35 жастағы Чэн Вэй. Forbes мәліметтеріне қарағанда, Азиядағы миллиардерлер тізімінде 333-шіорында. Forbes Asia журналының рейтингі бойынша 2016 жылдың үздік кәсіпкері. Бұл 56 миллиард долларға бағаланған әлемдегі ең қымбат компаниялардың бірі. Disruptor 50 рейтингінде төртінші орында, өз инвесторына ең көп табыс әкелген компаниялар тізімінде үшінші орынды иеленген.Салыстыру үшін айтар болсақ, алты құрлықтың 500-ден астам қаласында жұмыс істейтін Uber компаниясы 68 миллиард долларға бағаланады. Бұл Қытайдың 400 қаласында 450 миллионға жуық пайдаланушысы бар Didi-ден шамамен 12 миллиардқа қымбат, Вэйдің айтуынша, Қытайдағы такси жүргізушілердің 80 пайызы Didi жүйесін пайдаланады. Бұл компанияның монополияға айналуына себеп болды. 2000-2008 жылдар: тағдырға әсер еткен қателік Чэн Вэй Қытайдың шығыс провинциясы Цзянсиде туған. Әкесі жергілікті шенеунік, анасы математика пәнінің мұғалімі. Вэйге бала кезінен-ақ математиканы игеру оңай болған. Бірақ жоғары оқу орнына тапсыру кезінде ол соңғы үш сұраққа жауап беруді ұмытып кеткен.Соның кесірінен жалпы ұпайы төмендеп, танымал оқу орнына емес, Пекин химия-технология университетіне түседі. Ақпарат технологиялары орнына бизнес-менеджменті мамандығын таңдауға мәжбүр болады. Ол алғашқы жұмысына студент кезінен кіріскен. Сақтандыру компаниясындағы жұмысында бірде-бір көлік сата алмаған. Кейін бос орындар жәрмеңкесінде тіркелген Вей массаж залдарының бірінде жұмыс істеді. 2008-2012 жылдар: сатушыдан кәсіпкерлікке дейін Оқуды бітіргенде Вэй 22 жаста еді. Alibaba компаниясының сату бөліміне 1500 юань (75 мың теңге) жалақы төлейтін жұмысқа орналасады. Чэн Вэй Alibaba және Alipay жүйесінде 8 жыл жұмыс істеді. Аталған компаниялар оған шеберлік пен тез шешім қабылдауды үйретті. 2011 жылы достарымен жеке кәсіп жөнінде жоспар құра бастады. Вэй мейрамхана кәсібінде, дизайнерлік студияда, жеткізу қызметінде немесе білім саласында бизнес ашу туралы ойлайды. Ізденісте жүріп, Ұлыбританияның таксиге онлайн тапсырыс беретін Hailo компаниясы туралы естиді. Осы компанияның тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, ұтымды тұстарын өз бизнесінде қолдануды көздейді. 2012 жылы досы Ванмен Alibaba компаниясынан кетіп, жеке кәсібін ашуға шешім қабылдайды. Бұл жолда Ван негізгі инвесторға айналды. Стартапты іске қосу үшін ол 800 мың юань (121 мың доллар) қаржы бөлді. Қазіргі күнде оның үлесі 1 миллиард доллар. 2012-2015 жылдар: 100 шаршыметр шағын кеңседенҚытайдағыең ірі компанияға дейін Didi-дің алғашқы жұмыс орны 100 шаршыметр көлеміндегі бөлме болды. Алғашында компания DidiDache (滴滴打车) деп аталған. Сөзбе-сөз аударғанда Би-бип такси шақыру деп аталады. Старт кезінде жоба өзі секілді ондаған сервиспен бәсекелесуге тура келді. Бірақ әрқайсысының өз тәсілдері бар еді. Мысалы, әуежайдағы таксилер Yaoyao Taxi сервисіне тиісті болды. Енді бір компания тұтынушы назарын қымбат көліктеріментартуға әрекет етті. Кейбір бәсекелестер жүргізушілерге тұтынушы тапсырысын қабылдайтын тегін смартфондар таратты.Ал Didi болса басқа жолды таңдады. 1. Компания назарын жеке такси жүргізушілеріне қаратты;2. Didi жүргізушілер мен жолаушыларға арнап тегін мобильдік қосымша әзірледі; Мобильді қосымшаны түрлі жолмен жарнамалай бастады. Сарафан радиосы да қолайлы болды: жүргізушілер Didi туралы қызықты әңгімелер айтты. Uber де Қытай нарығына енді қадам басып жатқанда, олардың деңгейі бірдей еді. Сол кезде Didi Uber-мен бәсекелес бола бастады. Didiсервисі ақырындап танымал бола бастады. 2012 жылы Пекинді қар басып қалып, жолдарда кептеліс көбейді. Соның кесірінен адамдар жаппай онлайн такси қызметін пайдаланды.Didi компаниясында тапсырыстар саны бір күнде мыңнан асты. Вэй сол қарды бақытты оқиға деп есептейді. Оның айтуынша, егер сол қар бораны болмаса Didi бүгінгідей жетістіктерге жетпеген болар еді. Бірақ ол ұзаққа созылмады. Alibaba Didi-дің бәсекелесі болған Kuaidi Dache-ге инвестиция салуға шешім қабылдайды. Мұндай ірі компания көмегімен кез келген сервис бүкіл Қытайды жаулап алатындай күшке ие болатын. Didi Қытай гиганты Tencent көмегін пайдаланды. 2014 жылы Tencent Didi тұтынушыларына WeChat арқылы төлем жасау бағдарламасын орнатты. Didi белсенді түрде түрлі жеңілдіктер жасап, саяхаттарды субсидиялауды бастады. Нәтижесінде оның бір күндегі тапсырыс беруші саны 3 миллионға жетті. Бұл компанияға 2 миллиард юань (303 миллион доллар) пайда әкелді. Didi мен Kuaidi Dache арасында бәсекелестіктің ширыққаны сондай, ақырында екеуін татуластыру мүмкін еместей көрінді. Бірақ Didi-дің инвесторы Юрий Мильнер оның жолынтапты. Татуласу нәтижесінде екі компания бірікті де, Didi клиенттер санының көптігіне байланысты жаңа компанияның 60 пайыздық үлесіне иелік етті. Вэй оның басшысына айналды. 2015-2016 жылдар: Давид Голиафқа қарсы 2014 жылы Didi компаниясы бұрын Goldman Sachs-тың Азия аймағындағы инвестициялар секторының атқарушы директоры болған Джин Льюдібас операциялық директор лауазымына жұмысқа алды. Джин жарты жылда компанияға 700 миллион доллар қаржы түсірді. Didi ескі тәсіл бойынша әрекетін жалғастыра берді. Жүргізушілерге түрлі жеңілдіктер ұсынып, нарықты жаулап ала бастады. Компания субсидияларға 1 миллиард юань жұмсады. 2016 жылы Apple Didi-ге 1 миллиард доллар қаржы салым жасады. Ал Сауд Арабиясы мемлекеттік қоры Uber-ге 3,5 миллиард доллар қаржы құйды. Міне, осындай бәсекелестіктің арқасында екі компания келіссөздер жүргізе бастады.Нәтижесінде 2016 жылы Чэн Вэй Uber-дің қытайдағы өкілеттілігін сатып алды. Uber үлес ретінде компанияның 17 пайызын және 1 миллиард доллар алды. 2017-2018 жылдар: кеңею стратегиясы Компанияның мақсаты жосапарларын кеңейтіп, Азия нарығынан шетке шығу болды. Осы жолда 2015 жылда-ақ оңтүстік-шығыс Азия, Үндістан, Солтүстік Америкадағы Grab, Lyft және Ola компаниясымен келісім шарттарын түзді. Didi-ге қарағандаUber-дің қамту аймағы 550 қалаға артық. Қытайдағы сәтсіздіктен кейін Uber ТМД елдерін қамтуды қолға ала бастады. Мысалы, Ресейде Яндекс Таксимен бірлесіп жұмыс істеді. Қазіргі таңда Uber мен Didi Латын Америка нарығына енуді көздеп отыр, себебі Мексика мен Бразилиядағы нарық әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан нарықтардың бірі. 2017 жылы тамызда Didi Эстония Taxify транспорт-логистика компаниясымен келісім шарт жасасты. 2018 жылы маусымда DidiBooking.comтұрақ орындарды брондау сервисімен бірлесіп жұмыс істей бастады.Booking.comқытайлық компанияға 500 миллион доллар қаржы құйды. Содан соң екі компания бір-біріне жарнама жасай бастады. Бұл мүмкіндік Didi-ге Азиядағы орнын біраз кеңейтуге әсер етті. Қазіргі таңда күніне 30 миллион адам Didi қызметіне жүгінеді. Мобильдік қосымшаға 450 миллион жолаушы мен 4 миллион жүргізуші тіркелген. 2028 жылы компания 10 миллион дана электрокөлік сатып алуды жоспарлап отыр. Ауданы 100 шаршы метрді құрайтын кеңсенің орнына қазір Didi-де 5 мың жұмысшы істейтін бес қабатты бірнешеғимарат бар.