Әлемдегі ең ірі интернет-ритейлер Amazon компаниясының 2018 жылдың екінші ширегіндегі табысы 13 есеге артты. Amazon компаниясының баспасөз хабарламасында айтылғандай, сәуір-маусым айларындағы таза кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 197 миллионннан 2,5 миллиард долларға өскен. Кіріс 40 пайызға артып, 37,96 миллиард доллардан 52,90 миллиард долларға дейін көтерілген. Мұндай өсімнің болуына жарнама көрсеткіштері себеп болып отыр. Facebook компаниясы көкетемгі даулы оқиғадан соң акциялары төмендеген. Нью-Йоркте сәрсенбі күнгі саудалардың қорытындысы бойынша, әлеуметтік желінің акциялары 20 пайызға арзандағаны анықталды. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, алдағы уақытта Facebook Inc акцияларының бағасы көтерілмейтін болса, әлемдегі ең бай адамдардың арасында үшінші орында тұрған Марк Цукерберг автоматты түрде алтыншы орынға құлдилайды.Ал, Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безостың қаржысы шілде айының ақырында 150 миллиард долларға жетіп, әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде көш бастап тұр.