- Негізгі бет
- Тұлға
- 8 жасында миллионер...
8 жасында миллионер атанған бала
Торонто қаласының тұрғыны Райан Росс өзінің ең алғашқы миллионына қол жеткізді. Миллионер бизнесменнің жасы небары сегізде.
Райан 3 жасында-ақ үйінің бақшасына тауық фермасын салдырған. 60 тауығынан алған жұмыртқаларды 3 доллардан сатқан. Артынша газондарды қырқу үшін жалданып жұмыс істеген. Бір қызығы ақылды бала жұмысты өзі істемей, алған ақшасының жартысын жалдаған жұмысшыларына беріп отырған. Бұдан кейін бизнесін газонды суарумен кеңейткен.
Осы бизнестердің көмегімен жинаған ақшасын жылжымайтын мүлікке салады. Дәл қазір Онтарио мен британдық Колумбияда 6 ғимараты, жеке шотында 1 000 000 доллар ақшасы бар. Бұдан өзге отбасы мүшелеріне арнап баскетбол мен хоккей алаңын және өзіне 4000 кітап сатып алған. Ата-аналары осы күнге дейін рұқсат бермейтіндіктен, миллионер баланың ұялы телефоны жоқ. Талаптыға нұр жауар деген осы болар.
АҚШ-ның бір университеті жүргізген статистикалық мәліметтер бойынша әрбір 5-ші үйсіздің ұялы телефоны бар екені анықталған. Сол ұялы телефоны арқылы өздерінің фейсбук желісіндегі парақшаларын жаңартып, жаңалықтарды бақылап отырады екен.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru
Қ. Бүйенбай