6 қараша күні халықтың 80 пайызы қатысқан сайлауда Республикалық партия атынан президенттіліккеАвраам Линкольн ұсынылып, жеңді. Сөйтіп ол АҚШ-тың 16-Президенті ретінде тарихқа өз атын қалдырды. Америка мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 16-шы Президенті (1861-1865) және Республикалық партиядан америкалық құлдарды бірінші азат етуші, Америка халқының ұлттық батыры Авраам Линкольн 1809 жылы 12 ақпанда кедей фермер жанұясында дүниеге келген. Еңбекке ерте араласты. Жанұясының ауыр жағдайына байланысты мектепке небары бірер жыл шамасында барды, алайда сауаттылыққа үйреніп, кітапқа құмарлығы артты. Кәмелетке толған шағында дербес өмір сүруге бағыт алды, емтихан тапсырды және қорғаушылық тәжірибесіне рұқсат алады. Иллинойсте тағы үнділер көтерілісі кезінде жасаққа кіріп, капитан болып сайланды, алайда шабуылдарға қатыспады. Жалпы, Линкольннің саясаттағы мансабы 1935 жылы 26 жасында басталғанымен ол соған дейін өмірдің ыстық-суығын біраз тартқан адам. 1831 бизнесі банкротқа ұшырады:1832 өз мемлекетінің заңнамалық палатасына сайлауда жеңіліске ұшырады;1834 тағы да кәсібі банкрот болды:1835 -1836 өмірдегі сәтсіздіктерге байланысты жүйкесі сыр беріп ұзақ емделді;1838 тағы да сайлауда жеңіліске ұшырады;1843, 1846, 1848 АҚШ конгресіне сайлауда жеңіліске ұшырады;1855 сенатқа сайлауда жеңіліске ұшырады;1856 Құрама Штаттарының вице-президенті лауазымына үміткер ретінде сайлауда жеңіліске ұшырады;1858 сенатқа сайлауда жеңіліске ұшырады;1860 АҚШ президенті болып сайланды;Оның құлдарды азат етуі мен құлиеленушілікке қарсы болуы Америка халқын екіге бөлді. Нәтижесі 1961-65 жылдардағы азаматтық соғысқа ұласты. 1865 жылы театрдағы қастандық кезінде ауыр жараланып қаза тапты.