2014 жылдан қандай той күтеміз?

2014 жылдан қандай той күтеміз?

Той дегеніміз қай заманда болмасын дүбірлі жаңалық болған. Әсіресе танымал, бай, халық алдында көп бой көрсететін адамдар шаңырақ көтергенде құлағы елең етпейтін адам кемде-кем. Назарларыңызға 2014 жылы думанды той жасап, отбасын құратын жұлдызды жұптардың тізімдерін ұсынып көрейік.

Ханзада Гарри Уэльский және Крессида Бонас


Ханзада Гарри ағылшындық модель әрі актриса Крессида Бонаспен шаңырақ көтермекші. Той салтанаты 2014 жылға жоспарланған. Бұл туралы британдық The Telegraph газеті хабарлады. Жиырма тоғыз жастағы ханзада мен жиырма төрт жастағы болашақ тәждің иегерінің неке қиятын күні туралы ресми хабарландыру осы жылдың соңғы айларында жарияланады. Екі жастың арасында "жеңгетайлық" қызмет атқарған – Кресииданың жан құрбысы, Гарридің әпкесі Евгения ханшайым екен. Олар 2012 жылдың мамыр айында танысқан.

Элтон Джон және Дэвид Ферниш


Тағы да бір британдық жұп Элтон Джон мен Дэвид Ферниш 2014 жылы үйлену тойларын атап өтеді. Бұл туралы әншінің өзі танымал ток-шоуда отырып мәлімдеген. Олар бұл оқиғаны бірнеше жылдан бері күтіп жүр. Екі жұп суррогатты ана сыйлаған Захари және Элайджу атты екі ұлды өсіріп отыр. Айта кетейік, таяуда ғана Ұлыбритания парламенті бір жынысты некеге рұқсат беру туралы заң қабылдаған болатын.

Элтон Джон Дэвид Фернишпен 1993 жылы танысты. Сүйіктісі музыкантқа есірткі мен маскүнемдікке тәуелділіктен арылуға көмектескен. Олар 2005 жылы неке келісім-шартына қол қойды.

Ким Кардашьян мен Канье Уэст


2014 жылдың жаз маусымында өтетін кезекті тойдың себепкерлері – американдық шоулардың жұлдызы Ким Кардашьян мен рэпер Канье Уэста. Ғашықтар салтанатты рәсімді Лас-Вегаста жасауды құп көріп отыр. Ким үйлену тойдың жоспарларымен Каньенің айналысып жатқандығын мойындады. Неке қиылатын күні аспанда ұшақтардың ұшатынын жоспарлаған да Канье екен.

Ким Кардашьян мен Канье Уэст 2012 жылдың наурыз айынан бастап кездесіп жүр. Ол кезде жүргізуші заңды түрде ажыраспаған болатын. Осы жылдың сәуір айында жұптардың Норт есімді қыздары дүниеге келді. Ал 21 қазан күні Канье Сан-Францискодағы AT&T Park стадионында сүйікітісіне үйлену туралы ұсыныс жасайды.

Владимир Кличко және Хейден Панеттеьери


Украиндық боксер, әлем чемпионы Владимир Кличко американдық актриса Хейден Панеттьеримен 2008 жылы Нью-Йорк қаласында танысады. Осы күнге дейін баспасөз оларды үйлендірді, ажырастырды, қайта татуластырды. Кейіннен Панеттьери Владимирмен енді ғана атастырылғанын айтып, жүзігімен мақтанған еді. Осы мәлімдемеден кейін жұлдызды жұптың 2014 жылы екі рет үйлену тойын жасайтындықтары туралы ақпараттар тарай бастады. Той АҚШ-та және Киевте өтеді.

Ел-жұрт хабарды естіп, қуанып жүргенде Владимир ресейлік газеттердің біріне: "О не дегеніңіз, қандай тойды айтасыз? Біз әлі ештеңені белгілемедік. Нақты жоспар пайда болғанда өзіміз хабарлаймыз" дегенді айтты. 

Кім білсін, Владимир Кличко келер жылы бойдақтық өмірімен қоштасып та қалар...

Мила Кунис және Эштон Катчер


Американдық жұлдыздар 1998 жыл "Жетпісінші жылдардың шоуының" түсірілімінде танысады. Ұзақ жылдарға ұласып келген достық бірте-бірте махаббатқа айнала бастады. 2011 жылы Эштон өзінің заңды әйелімен ажырасып, Миламен қарым-қатынастары нығая түсті.

2012 жылы Катчер Милаға ұсыныс жайсайды, ол келісім береді. Осы жылдың тамыз айында актрисаның қолында жүзік пайда болды. Өнер жұлдыздарының жанкүйерлері той суреттерін 2014 жылдың көктемінде көре алатын болады.

Ал сіз 2014 жылы кімдердің тойын күтесіз? Бізбен бөлісіңіз!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: eg.ru, gorodokboxing.com, zvezdastok.ru, bigmir.net